Өлең, жыр, ақындар

Егіздер

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4147
Текті ғана тартып туар негізге,
Жұбан-Жайық! Ұқсатам мен егізге.
Жұбан жырын санамызға сіңірсек,
Жайық барып құйып жатыр теңізге.
Орал таудан басын алса Жайығым,
Жұбан ақын өрге салды қайығын.
Жұбан-Жайық! Кіндігі бір алыптар,
Алып деген екеуіне сай ұғым!
Шымырлайды ұлы арнаның айдыны,
Секілденіп дауылпаз жыр айбыны.
Жұбанынан, сыңарынан айрылып,
Жайық көптен, Жайық көптен қайғылы.
Жайық суы аға берер мәңгілік,
Елдің шөлін, жердің шөлін қандырып.
Жұбан жыры болашаққа барады,
Жүректерде намыс отын жандырып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шопан

  • 0
  • 0

Aта кәсіп тy алыстан бас алған,
Бұл күнде оның тұр-мазмұны жасарған.
Шопан болып жүрген құрбы-құрдасқа,
Мен қызыға қарап келем қашаннан..

Толық

Ізгілік нышаны

  • 0
  • 0

Іні өседі ағасына сүйеніп,
Көкірегінен күмбір-күмбір күй өніп.
Бірін-бірі қолдап-қорғап жүретін,
Аға-ініге басымызды иелік.

Толық

Ой ұшқыны

  • 0
  • 0

Жанға жинап дүниенің жарығын,
Жас кезімде лапылдады жалыным.
Жалпы жұртты жарылқауым қиын ғой,
Көп жүрекке ашпа болып дарыдым.

Толық

Қарап көріңіз