Өлең, жыр, ақындар

Жарыс

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2608
Тіршілікте ұлы дүбір - жарыс бар,
Меже шіркін бірте-бірте алыстар.
Өмір бойы мақсатына жете алмай,
Өтіп жатыр пенделер мен арыстар.
Жас жеткіншек арман толы жүрегі,
Кеткендердің ізіменен жүреді.
Оны біраз жерге шейін апарар,
Өз ақылы, сосын мықты «тірегі» ...
Алғаннан соң буын бекіп, ержетіп,
Екі жаңтан сүйрейді оны өрге тік.
Жетер жерін бағдарлайды, байқайды,
Ал сынауға келген кезде ел жетік.
Биік пе, әлде, аласа ма өресі,
Құтылмайды ол тағдырынан көресі.
Тындырғаны татымды, әлде, татымсыз,
Шын бағасын береді ұрпақ келесі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақынға арнау

  • 0
  • 2

Ей, Қойшыгүл, жастас емес, бастасым,
Бұршы бермен көңіліңнің қақпасын.
Тарпаң тағдыр сені аяусыз сынады,
Айтып қайтем, айтып қайтем басқасын.

Толық

Құрдастар

  • 0
  • 0

Болдық біз де бір кездерде қыз, жігіт,
Сүйдік, күйдік кереметтей үздігіп.
Енді, міне, көктем өтті, жаз кетті,
Төрге шықты, егделіктей күз кіріп.

Толық

Ұлтты ұйытшы!

  • 0
  • 0

Өршіл өлкем өнерлілер мекені,
Ақын, әнші, күйші - бәрі жетеді.
Ұлтты ұйытар театрға зәру боп,
Жүрген күндер түседі еске кешегі.

Толық

Қарап көріңіз