Өлең, жыр, ақындар

Жұмбақ жас

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2135
«Жаман қой ісегінде қартаяды,
Шымқұдық қас қағымда ортаяды.
Аруды алақанда ұстамаса,
Жиырмада алма беттен әр таяды».
Осылай мақалдайтын бір атамыз,
(Біз оның нақыл сөзін ұнатамыз).
Өзгенің кекселігін бірден байқап,
Жаспыз деп өзімізді жұбатамыз.
Сөзінде қариянық шындық басым,
Айтыпты сырды ұққасын, мұңды ұққасын.
Біреулер жанған отқа қарсы барса,
Біреулер бәрін құптар шұлғып басын.
Әр адам өзіне тән ғұмыр кешіп,
Қалайды бақытының ұлы іргесін.
Қонады ұл ұяға, қыз қияға,
Осылай ұзатамыз өмір көшін.
Сыры бай, жастық шақтың сыны керім,
Бітпестей көріп оны жүріп едім.
Бетіне келіндердің әжім түсіп,
Бозбас боп бара жатыр інілерім.
Уақыт жүрмес біздің ырықпенен,
Мен оның құпиясын біліп келем.
Жиырма бес, отыз бесім, хош бол енді,
Келіп тұр сыры жұмбақ қырық деген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағдырлас досыма

  • 0
  • 0

Қызықты ойындардан қалыс қалып,
Бағынан балалықтың алыстадың.
Білдіртпей есейтетін өзіңе де,
Көп пе, аз ба біршама жол жүріліпті,

Толық

Түс жорыту

  • 0
  • 0

Жылан еніп шықты бүгін түсіме,
Жүр екенмін ордасының ішінде.
Қоршайды екен жан-жағымнан жалаңдап,
Ирелеңдеп, долылықтан ісіне.

Толық

Атамекен

  • 0
  • 0

Көрінер көзіңе ыстық атамекен,
Мен мұны қайта-қайта атап өтем.
Бабалар туып-өскен жерді білмеу,
Жаныңа кәдімгідей батады екен.

Толық

Қарап көріңіз