Өлең, жыр, ақындар

Кеш біліппін

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1896
Шырмалып шылбырына ескіліктің,
Мен сенің қадіріңді кеш біліппін.
Кетті ғой жанарымнан жас та ытып,
Тұрғандай құлағыма естіліп мұң.
Дедім-ау: «Көйлегің көк, тоқ тамағың,
Сондықтан маған қояр жоқ талабың».
Еленбей махаббатың жүрседағы,
Сен бірақ кек қаруын оқтамадың.
Мен кейде кетуші едім "тайып беріп..."
Мұнымды жүрмедің сен айып көріп.
Жұмысың бастан асып жатсадағы,
Сәбидей аялаушы ең бәйек болып.
Мен қалдым, сені алысқа аттандырып,
Атпайды бұрынғыдай ақ таң күліп.
Мен үшін жаралған жан екеніңді,
Отырмын бүгін тағы хаттан біліп.
Қалса да назардан тыс, жасымаған,
Нәрімен махаббаттың асыраған.
Жігіттер, көбіне біз сезбейміз ғой,
Жүргенін жанымызда асыл адам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Экспромт

  • 0
  • 0

Қайғы келсе, қабағынан қар жауып,
Ілдіресің қыл мойынға дар бауын.
Түсінгенге бұл жолдарым теңеу ғой,
Нағыз адам болмақ, емес зарлауық.

Толық

Өлең маған өкпелі...

  • 0
  • 0

Белгісіз ғой енді қанша тұрмағым,
Жетті, жетті осы сайран құрғаным.
Өспеген соң жаңа гүлдер, жас гүлдер,
Солғын тартып бара жатыр жыр-бағым.

Толық

Бір сәттік ой

  • 0
  • 0

Арманым, неге мұнша алыстадың,
Жат болып бара жатыр таныс бағым.
Көңілің әлде менен қалып жүр ме,
Тұғыр боп, тұлпар болмай жарысқаның.

Толық

Қарап көріңіз