Өлең, жыр, ақындар

Күдік

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2068
Көз ілдірмей тағы да бір таң атты,
Қайдасыңдар, тың ойларым қанатты?
Ертелі-кеш ақ қағазга үңілтіп,
Ақындарды құдай солай жаратты.
Төңірегім тұрлауы жоқ құр елес,
Алға қойган мақсатым да ірі емес.
Таңдап алған жолым дұрыс, бұрыс па?
Ой-санамда жүріп жатыр бір егес.
Жазғандарым жалпы жұртқа керек пе,
He қалады, салар болса елекке.
Болмашыға көңілі толып жүретін,
Жан болдым ба деп ойлағын желөкпе.
Күннен күнге көбейіп түр күдігім,
Салмағы ауыр екен күмән жүгінің.
Өрем жетпес биікке қол создым ба?
Олай болса, бұл ақынга ірі мін.
Ағын сулар бастауынан тұнады,
Сарқылды ма өлең-жырдың бұлағы?
Күннен күнге қурап бара жатқандай,
Желкілдеген жанымнық жас құрағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аманат

  • 0
  • 0

Жылдар, жылдар шарқайрақтай зырлаған,
Күш-қуатты бірте-бірте «ұрлаған».
Алыстатып жастық шақтың ауылын,
Кәрілікке жақындатқан бір қадам.

Толық

Серт

  • 0
  • 0

Сіміріп aп таңғы ауаның тұнығын,
Зыр жүгірем, тыным алмай күнұзын.
Бір қызықтан, шақырады бір қызық
Мойыныма сілтеп жиі «құрығын».

Толық

Жырсыз өткен жылдар

  • 0
  • 0

Түсірмей шұғыласын бетіме Күн,
Босқа өткен жылдарыма өкінемін.
Алаңсыз еш нәрседен жүрдім қалай,
Бардай-ақ бір өзімнің екі демім.

Толық

Қарап көріңіз