Өлең, жыр, ақындар

Қарақия

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2315
Қара нардай қасқайып тұрасың да,
Бұйра бұлтқа «өркешің» ұласуда.
Жолаушыны жеткізбей шаршатасың,
Бір асудан жетелеп, бір асуға.
Оңға-солға жолыңды шарып,
Бірте-бірте кетесің биікке алып.
Жоғарыдан төменге қарағанда,
Қалар бір сәт өмірің тұйықталып.
Төзімімді сынауға бекідің шын,
Алда жеті асуың - жеті мүшең.
Тас қамалды осы бір aшy керек,
Жетібай мен Өзенге жету үшін.
Тастағысы келгендей ықтырып бір,
Құрмет етсін дегендей тік тұрып кел.
Шомбыл мүсін, шоң мінез Қарақия,
Маңғыстаудың өрлігін ұқтырып тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тырналар...

  • 0
  • 0

Тырналар көк төсінде тыраулаған,
Барады тастап түрлі сұрау маған.
Ақ бұлттар ақ қағаз да, түзу тізбек,
Өлеңнің жолдарынан бір аумаған.

Толық

Ілесіп заман көшіне

  • 0
  • 1

Бұл заманның сыр-сипаты өзгерек,
Жазатын жыр, айтылатын сөз бөлек.
Жеңіл ойлап жүрген жандар жетеді,
Түп тамырын көретұғын көз керек.

Толық

Бос орындар

  • 0
  • 0

Өткен жылдар өзінше ырыс бөліп,
Бірте-бірте келеді тыныс кеңіп.
Қош айтысып жастық шақ бара жатыр,
Көмір қара шашыма күміс қонып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар