Өлең, жыр, ақындар

Құрдастар

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8515
Болдық біз де бір кездерде қыз, жігіт,
Сүйдік, күйдік кереметтей үздігіп.
Енді, міне, көктем өтті, жаз кетті,
Төрге шықты, егделіктей күз кіріп.
Ұлдар өсіп, қонып жатыр ұяға,
Қыздар өсіп, ұшып жатыр қияға.
Сондадағы адам жастық шақтарын
Ұмыта ма, кәрілікке қияма?..
Қолпашы боп қартаймайтын көңілдің,
Қызығына тоя алмайсың өмірдің.
Айлар ағып, жылдар жылжып жатады,
Зая кеткен еңбегіндей негрдің.
Дос-жараның сын көзімен қарайды,
Артық басқан адымыңды санайды.
Шалыс бассаң, табасына қаласың,
Алыс бассаң, ақылдыға балайды.
Өмір - өзен бір батасың, бір шығып,
Кең тыныс aп, сосын тағы тұншығып.
Алма бетті әжім шіркін шимайлар,
Өз дегенін істеп тынар тіршілік.
Біраз шаптың, ілестің де арынға,
Келіп-келмей ойға алғаның қарымға.
Мінезіңнен сәт сайын бір мін тауып,
Суық тартар жаныңдағы жарың да.
Ұмытасың «алмас қылыш» жарқылын,
Мойындайсың табиғаттың тәртібін.
Немерең кеп, «ата-әже» деп тұрғанда,
Жым боласың, шығара алмай артық үн.
Түсініңдер жырдан соққан мүсінге,
Бұл жазғаным болар әр кез күшінде.
Құрдастардың тағдырлары ұқсас қой,
Барлығы да осы өлеңнің ішінде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халық ақыны

  • 0
  • 0

«Талай жерде шаққанмын,
Сөз асылын таққанмын.
Шығып едім соңынан,
Қашаған, Нұрым, Ақтанның».

Толық

Хат тасушы

  • 0
  • 0

Оған не жауынды күн, дауылды күн,
Жүргені шыр айналып ауылды мың.
Тынбайды жапқанынша соңғы есікті,
Сезбестен қоржынының ауырлығын.

Толық

Маңғыстау шілдесі

  • 0
  • 0

Жатыр, міне, тырысып «тулақ» дала,
Бұйрат-бұйрат боз құммен бунақталып.
Тұяқ тірер бір тұлдыр таппай құйын,
Секіреді Каспийге, тулап барып.

Толық

Қарап көріңіз