Өлең, жыр, ақындар

Маңғыстау шілдесі

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2215
Жатыр, міне, тырысып «тулақ» дала,
Бұйрат-бұйрат боз құммен бунақталып.
Тұяқ тірер бір тұлдыр таппай құйын,
Секіреді Каспийге, тулап барып.
Қылтанақтан жер төсін ада қылған,
Шілде ғой бұл билікті дара құрған.
Күн - табада қуырылып жатыр ма екен,
Жалын лебі келеді Қарақұмнан.
Бар шыдамды соларға жиып берген,
(Шөлдеп көрген, аптапқа күйіп көрген).
Сая таппай, Үстіртте жөңкіледі,
Көрсе жаның ашиды күшіктерге.
От найзасын тұрса да кезеніп Күн,
Мыңқ етпестен жатады безеріп қыр.
Айтып-айтпай не керек, басқа түгіл,
Шыңыраудың да еріні кезеріп тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достарға наз

  • 0
  • 0

Мақтауды да, даттауды да естідім,
Мұның бәрі ескі шаттық, ескі мұң.
Жаным менің жұлмаланып жатқанда,
Қолдың ұшын берген жоқсың ешбірің.

Толық

Бір құрбыға

  • 0
  • 0

Қалды ма елде «жүрегің»,
Әйтеуір, құрбым, жүдедің.
Ойларға ауыр батасың,
Көз ілмей ұзақ жатасың.

Толық

Тасқалама

  • 0
  • 0

Туған жер, теңдесі жоқ дара бағым,
Сенде өткен күндерімді санамадым.
Есігін жүрегімнің айқара ашып,
Армансыз ой-қырыңды араладым.

Толық

Қарап көріңіз