Өлең, жыр, ақындар

Мерейлі мекен

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2265
Басыма ойлар келіп ала-құла,
Жүргенде жыр ілікпей қаламыма.
«Қарағым, аунап-қунап қайтсаңшы» деп,
Болады шақырғандай дала мына.
Жалғанда табынарым тұрақтылық,
Жүремін ауыл жаққа құлақ, түріп.
Сағынсам, қайдасың деп тартып кетем,
Достардың машинасын сұрап мініп.
Алтынмен аптағандай өңірді дәл,
Сап-сары егінжайға көңіл құлар.
«Тамырың бізше сенің берік пе?» деп,
Тұрады сынай қарап тобылғылар.
Шалынды көзге үйлер еңістегі,
Барлығы ұмтылғандай көріскелі.
Балалар топ-топ болып бара жатыр,
Малдарды қарсылауға еңістегі.
Кезім бұл жолдарыма гүл егілген,
(Бәсімді бір кісідей білемін мен).
Барлығын емірене сүйіп келем,
Ешкімді жатсынбайтын жүрегіммен.
Ауылым, мені әлдилеп тербетіп ең,
Бұла боп құшағыңда ержетіп ем.
Шаңытып көшелерің жатсадағы,
Табылмас сендей мекен жер бетінен..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзгеру керек

  • 0
  • 0

Үлкеннің сыйлап сақалын,
Кішінің сыйлап атағын,
Өмірім өтіп барады,
Жетпіске жасты тақадым.

Толық

Бір сәттік мойындау

  • 0
  • 0

Мұрат тұтып қасиетті өнерді,
Ақын достар мол бақытқа кенелді.
Бәзбіреулер маған сұрақ қойып жүр,
«Неге тастап кеттің, - деп, - бұл өлеңді».

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Жүрегімде талай мұңның бар табы,
(Жас ұлғайса салмағы оның артады).
Қысымынан көп қайнаған қанымның,
Соңғы кезде желкем жиі тартады.

Толық

Қарап көріңіз