Өлең, жыр, ақындар

Мұң

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3289
Жүрегімде талай мұңның бар табы,
(Жас ұлғайса салмағы оның артады).
Қысымынан көп қайнаған қанымның,
Соңғы кезде желкем жиі тартады.
Мойынымды бұрғызбайды, сіресіп,
Жүйкелерім бір-бірімен тіресіп.
Бойымдағы күшім менен қуатты
Әкеткендей әлдекімдер үлесіп.
Шығам үйден сүйретіп құр сүлдемді,
Аулақтатып «одан-бұдан» іргемді.
Әр қадамды санап басар кез келіп,
Сыншы күндер алдан күтіп тұр ма енді?
Көңілімнің көк дөнені қайдасың?
Жастық өтіп, қалғансың-ау жай басып.
Арқыраған, жарқыраған кім-кім де,
Асыра алмас уақыттан айласын.
Айлар ағып, жылдар жылжып жатады,
Кеш ұғындым - жаныма сол батады.
Күпім қазір көкжиектен ерте асып,
Таңым болса, тым кештетіп атады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақан сері

  • 0
  • 0

Өнерліге кіретұғын есік кең,
Құр қалмайды ол құрметтен де, несіптен.
Бұлбұлы болып жүру үшін халқының,
Ақан сері кетіп қалды мешіттен.

Толық

Аққу махаббат

  • 0
  • 0

Ит тұмсығы өтпейтұғын ну орман,
Құлаққа ұрған танадай боп тұрар маң.
Таңмен талас төңірекке жан бітіп,
Тіршіліктің дыбыс-үнін шығарған.

Толық

Адамда...

  • 0
  • 0

Атар-ау алдан жарық таңымыз,
Үйқылы-ояу жатқапдаймыз әлі біз.
Көпті көрген қариялар не дейді,
Қалай болып бара жатыр халіміз?

Толық

Қарап көріңіз