Өлең, жыр, ақындар

Сәуір

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1980
Танытты жайдарылық сәуір бүгін,
Соңына сақтаған-ау тәуір күнін.
Үйден бір жеңіл-желпі шығайыншы,
Түссінші иықтағы ауыр «жүгім».
Осынша неге іріктің шуағыңды,
(Қаталдық қатқан мұзды куә қылды).
Ызғарды неге жуып кетпеді екен,
Жүгірген сай қуалай су ағынды.
Мұртындай бозбаланың түбіттеген,
Бүршігі көзге тіпті ілікпеген.
Көк көйлек киіп қашан шығады деп,
Қарадым теректерге үмітпенен.
Арқадан азынап бір жел ескелі,
Шөптердің сұрқы қашты белестегі.
Көктемнің көкорайы көз үйренген,
Ей, сәуір, сенің сәнің емес пе еді?..
Қойсаң да қабақ ашпай көпке дейін,
Шуақты сақтамапсың текке кейін.
Құлпырттың дүниені бір-ақ күнде,
Сондықтан саған қалай өкпелейін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырламас едім...

  • 0
  • 0

Төбеден саулап жапырақ,
Сап-сары түгел атырап.
Жайсаң жаз қимай қоштасты,
Қоңыр күз билік жатыр aп.

Толық

Мінезім

  • 0
  • 0

Бұл жырды кеше ғана бастап тұрып,
Несіне мәз болайын сақ-сақ күліп.
Мен сізге ақкөңіл боп көрінермін,
Қайтейін, жаныма жат асқақ қылық.

Толық

Қатарымнан қалмаспын

  • 0
  • 0

Абай айтқан - қартайғанда мол қайғың,
Мен де өзімше толғанамын, толғаймын.
Сұңқар болып саңқылдауға шамам жоқ,
Үнім баяу, шырылындай торғайдың.

Толық

Қарап көріңіз