Өлең, жыр, ақындар

Сенің үйіңде

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1889
«Жатпас та ешкім мұны теріс көріп,
Үйдегі үлкендермен көріс келіп».
Дегенде сүйіктім сен, шалқыдым ғой,
Алдымнан армандай бір өріс кеңіп.
«Шырағым, ризамын келгеніңе,
Өрлей бер қымсынбастан төрге, міне».
Деп әкең сездіргенде ақ ниетін,
Шыққандай болды көңілім өрге мүлде.
Анаң да менің әзіз анама ұқсап,
Күмбезін көңілімнің барады ұштап.
Өтеді әрлі-берлі сіңілің сенің,
Мен жаққа әлсін-әлсін қарағыштап.
Бой балқып, қорғасындай шоқта қалған,
Отырдым жүрегіме топтап арман.
Ал өзің жанымнан бір шықпай қойдың
Құлындай желісінде ноқталанған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сурет

  • 0
  • 0

Бабамның дархан алабы,
Бусанып жатыр шық түсіп.
Жібітіп тұмса даланы,
Тамылжи Күн де шықты ысып.

Толық

Қос еңбеккер

  • 0
  • 0

Таң алды, жұрт ұйқыда, бұйығы маң,
Жүрекке тұр бір ғажап құйылып ән.
Ұялтып тастай ма деп келесі күн,
Отырмын түспей түннің иығынан.

Толық

Тура келем

  • 0
  • 0

Тура келем, оңға-солға бұрылмай,
Әз әзілдің «қақпанына» ұрынбай.
Еске аламын бұлдыр бала кезімді,
Енесінен ерте айырған құлындай.

Толық

Қарап көріңіз