Өлең, жыр, ақындар

Тыныштықты тілеймін

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2058
Көңілдің осы емес пе тасығаны,
Бақыттан айналып тұр басым әлі.
Жұмыстан шаршап келсем, балдырғаным,
Мойныма «әкелеп» кеп асылады.
Сол сәтте ұмыт болып шаршағаным,
Жұтқандай болам таза таң самалын.
Осылай сергіп қалам, тұрсадағы,
Қамалып қабағымда қаншама мұң.
Tap үйім бірден кеңіп кетеді де,
Ілесем ұшқыр қиял жетегіне.
Мен осы ойламаған шығармын-ау,
Балғын шақ басымнан тез өтеді деп.
Ал бұл кез шертіп сезім күміс қылын,
Кеудеме ұялаттым Күн ыстығын.
Ұлымды көкжиекке талпындырып,
Тілеймін жер-ананның тыныштығын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе

  • 0
  • 0

Жыр болып жүрегіме келіп кіріп,
Шығардың шырқау шыңға еліктіріп.
Қолыма пәк көңілмен ұстаттың-ау,
Тізгінін тағдырыңның сеніп тұрып.

Толық

Сенің үйіңде

  • 0
  • 0

«Жатпас та ешкім мұны теріс көріп,
Үйдегі үлкендермен көріс келіп».
Дегенде сүйіктім сен, шалқыдым ғой,
Алдымнан армандай бір өріс кеңіп.

Толық

Ақбөбек пен Қайып

  • 0
  • 0

Махаббаттың тұрсын да тасып нұры,
Ақын ісі көрсету ашып мұны.
Ел аузында қалды ғой аңыз болып,
Ақбөбек пен Қайыптың ғашықтығы.

Толық

Қарап көріңіз