Өлең, жыр, ақындар

Айнам қалды

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4530
Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Ақбикеш үзатылып барады енді.
Мал берген сүймесе де ала келді.
Алғашқы алау сезім жанған жүрек
Бір кеште шерменде боп қала берді.
Сезімтал еткен тағдыр өнерліні,
Күйші Есжан тойға келді келер күні.
Сол еді-ау қалағаны Ақбикештің
Жігіттің бақ байлады кедейлігі.
Той өтпек Нарын қүмның етегінде,
Қыз кетпек мал бергеннің жетегінде.
Ақбикеш сүратып ап домбырасын
Күй тартты әке үйінен кетерінде.
Жаңа күй тартты сүлу, ойланбады,
Барша жүрт мүңлы әуенге қайран қалды.
Шанағы домбыраның күңіреніп
Дегенді қайталады «айнам қалды».
Дейді қыз: «Айнам қалды, армандамын,
Жүректің кім түсінсін зарланғанын».
Сол кезде күйді Есжан қайталады
Көңілі екеуінің болған мәлім.
Қүдалар мынау жайға секемденді.
«Күйшімен қыз көңілдес екен» деді.
Есжанға қамшы ойнатты осы сәтте
Күйеудің дорекілеу нөкерлері.
Есжанды соқты топас тобыр келіп,
Қыз талды. Күйеу, қүда отыр көріп.
Той тарқап, қызды дереу аттандырды,
Ал, Есжан қалды мәңгі соқыр болып.
Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайда аңыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылға хат

  • 0
  • 0

Жазшы маған, жан құрбым, ауыл қандай?
Арайлы ма, ақын жан сағынғандай?
Жаңалықтың қалдырмай бәрін жеткіз,
Жауабыңды күтемін сабыр қалмай.

Толық

Анама бірінші хат

  • 0
  • 0

Өзіңді, анам, өмірде
Ренжіткен жерім көп.
Әжем «келін» дегенге
Мен де жүрдім «келін» деп.

Толық

Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын

  • 0
  • 1

Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын,
Қажет болса мінбеге шыға аламын.
Бала көңіл, момақан «қазақ» деген
Елдің қызы болғанға қуанамын.

Толық

Қарап көріңіз