Өлең, жыр, ақындар

Ақ боран

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 9271
Алдымнан шықшы, ақ боран,
Шабытың болар сақтаған.
Менің де жаным мазасыз,
Бұрқанбай тыныш таппаған,
Алдымнан шықшы, ақ боран!
Сенің де келер көктемің,
Менің де бар ғой өткенім.
Даланы сүйген бозторғай
Жасқана қояр деп пе едің,
Сенің де келер көктемің.
Суытпа жүрек жалынын
Күтуге жетсе сабырың.
Өмірден ызғар кормеген
Жылының білмес қадірін,
Суытпа жүрек жалынын.
Қайратымысың далайның,
Ашуымысың адамның? -
Сенің де даусың шырқайды-ау,*
Әніндей Мүхит бабамның,
Қайратымысың даламньщ...
Ақ боран маған үнайсың,
Далаға қысқы қүмарсың9
Мінезі қатал жандардың
Сағыныш күйі шығарсың,
Ақ боран маған үнайсың.
Алдымнан шықшы, ақ боран.
Шабытың болар сақтаған,
Менің де жаным мазасыз,
Бүрқанбай тыныш таппаған.
Алдымнан шықшы, ақ боран!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылға хат

  • 0
  • 0

Жазшы маған, жан құрбым, ауыл қандай?
Арайлы ма, ақын жан сағынғандай?
Жаңалықтың қалдырмай бәрін жеткіз,
Жауабыңды күтемін сабыр қалмай.

Толық

Қоңыр

  • 0
  • 0

Күй шерткен оңашада домбырадан,
Күн кешкен жыр жолына болып алаң.
Даланың қоңыр күйін сүйіп өткен
О, менің дала мінез қоңыр ағам.

Толық

Ауылым

  • 0
  • 0

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.

Толық

Қарап көріңіз