Өлең, жыр, ақындар

Ақсақ құлан

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5787
Кірпік қақпай атырды хан танды бұл.
О, дариға, үзілмек пе ән - ғұмыр.
Апта бойы неге хабар бермейді,
Оралмайды аңға кеткен жалғыз ұл.
Өлсе неге зарламайды мынау ел,
Ер-тоқыммен оралмай ма құлагер.
Не болмақшы алтын тақтың ертеңі
Мүмкін емес жоғалуы мұрагер.
Қойды ештеңе жұбата алмай көңілін.
Той базары оралар ма төрінің.
Сезді жүрек бір пәлені, хан бірақ
Естігісі келмеді ұлдың өлімін.
Сезді іштей енді ісінің оңбасын,
Ұлдың орны еш байлықпен толмасын.
Сөйте түра «жаман хабар айтқанның
Көмейіне құям - деді - қорғасын».
Ханнан солай қатал үкім болды да,
Естірту сөз тиді күйші «сорлыға».
Өнер тілі айтты ұлдың өлімін,
Бәрі-бәрін берді сайрап домбыра.
Айтты екі шек барлығын да зарлана,
Көз алдында күңіренді маң дала.
Жиналган ел ұқты бәрін, егілді
Көзіне тек жас алмаған хан ғана.
Күту керек зарлы күйдің бітуін,
Сездірмеді қашқанын да құтының.
Хан болған соң айтылған соң ол баста
Орындату керек енді үкімін.
Күйші үнсіз күйін тартып болғасын,
Ханға ұсынды домбырасын - жолдасын.
Шанағына домбыраның әділ хан
Құйғызыпты балқытылған қорғасын.
Жүректегі мұң - наланы жаза алған,
Кеудесіне ұялатқан саз - арман,
Осы жолы қасиетті домбыра
Талайларды құтқарыпты ажалдан.
Жырлауға адам қасіретін, шаттығын,
Домбыраны алғаш ойлап тапты кім?
«Ақсақ құлан» күйін тартқан кім еді?
Бүл күндері білмейді ешкім авторын.
Халық сүйсе, талантыңның расы,
Халықтікі атанады шын асыл.
«Ақсақ құлан» - халық күйі бұл күнде
Домбыра да сол халықтың мұрасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбақай көлдің жағасы

  • 0
  • 0

Ақбақай деген бұл жер көл болыпты,
Жағалай Ақбақайды ел қоныпты.
Онда да бірден біреу кем болыпты,
Онда да бірге біреу тең болыпты.

Толық

Ақ шыңдар

  • 0
  • 0

Жанымды еліктірген дала, сағым,
Бар менің бала шағым, болашағым.
Сендермен таласпаймын, асқар шындар,
Сендерден әлденеше аласамын.

Толық

Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп

  • 0
  • 0

Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп,
Ауырса жаның дауылдарға ал емдетіп.
Көлденең сөзге құлағың салма, пендеде
болуы мүмкін кем-кетік.

Толық

Қарап көріңіз