Өлең, жыр, ақындар

Эдисон

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6932
Сөйлеткен жансыз затты өнер иесі,
Есітіп таң қалады көрген кісі.
Білмейді қалай етіп түсінерін,
Айтпаса түсіндіріп білген кісі.
Істерлі, Қазанда оқып, Бұхар барып,
Айтар ма ғалым болып келген кісі?
Сұрасақ бұ не іс? - деп сол ғалымнан,
«Шайтани» - мұны дейді «кәпір ісі».
Тәртіпсіз жоқ-бар затты көп оқумен
Ғылымның ғасыл болмас қуат, күші.
Бұл ғылым - бір бәйтерек шектен асқан,
Шұлғанған бұтағына ғарсы - күрсі.
Бар ғалам он сегіз мың саясында,
Таусылмас бұтақ сайын бар жемісі.
Шайтани бұл өнерді қалай дейміз,
Әр өнер - сол жемістің бірдемесі.
Эдисон мұны істеген - ғалым адам,
Оқымас, жалқау біздей емес надан.
Пәндерден кимие-симие ғылыми хикмет
Көп сырлар ашты түпсіз дариядан .
Періштеміз оң жақтағы өсер еді,
Солардай болып өтсек дүниядан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғылым

  • 0
  • 0

Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған біліміне кейбір жастар,
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.

Толық

Ғасаңды Кәлимолла, маған берсең

  • 0
  • 0

Ғасаңды Кәлимолла, маған берсең,
Жүзігін Сүлейменнің қолға кисем.
Жасымды жмырмадағы қатар қойып,
«Ал таңдап» десе мұның қайсын сүйсең?

Толық

Таудағы тас ұядан

  • 0
  • 0

Таудағы тас ұядан
Лашындай сарыққан қиядан,
Шалқып сөзім шығады,
Ойласам, пікір - қиялдан.

Толық

Қарап көріңіз