Өлең, жыр, ақындар

Өсіп келе жатырмын

  • 28.11.2015
  • 0
  • 6
  • 49770
Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп өрлікті,
Ескек етіп ерлікті,
Есіп келе жатырмын!
Адал терін әрдайым,
Моншақтатып маңдайым...
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтың көк тасын,
Кесіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем.
Таласып күнмен мен өсем.
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған елімнен
Өсіп келе жатырмын!



Пікірлер (6)

майра

Төлеген өлеңдері керемет.Қайталанбас талант.Тонкий лирик,свойственные только ему художественные средства делают его стихи бессмертными.

Айяна

Керемет

Рада

Өте керемет!

Райгүл Құнашқызы

Тума талант Төлеген!

Рамазан Тугелбай

Керемет!

Ә. Гүлім.

Өте керемет өлеңдерді бірі екен.

Пікір қалдырыңыз

Құтбайға

  • 0
  • 0

Термесі ұя арман маужыраған,
Зердесі ескен самал тау-жырадан.
Теңдесін бул аймақтан таптырмайтын,
Кеудесі күмбірлеген ән-жыр ағам.

Толық

Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі

  • 0
  • 7

Көктем - ол қуаныштың ізгі лебі,
Қызғалдақ қыздарға арнап үзіледі.
Аспанда жақсылықтың атын жазып,
Тырналар қатар-қатар тізіледі.

Толық

Жаз қақпасы

  • 1
  • 0

Шертті дала сырларын,
Жамыраған жаз келді.
Қанатында тырнаның,
Қалықтаған саз келді.

Толық

Қарап көріңіз