Өлең, жыр, ақындар

Әлемді түгел көрсе де

  • 29.11.2015
  • 0
  • 1
  • 25925
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де
Қызыққа тоймас адамзат.
Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолмен бөлсе де,
Қызықты күні қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де,
Өмірге тоймас адамзат.
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да -
Үмітін қоймас адамзат.



Пікірлер (1)

Есенəлі

Ассалаумағалейкум. Бұқар жыраудың Шымырдан шыққан Қойгелді.. Жауырынын тосқан Қангелді батыр,-деген сөздері бар жырын білсеңіздер мына номерге хабарласыңыздаршы 8705 9770199

Пікір қалдырыңыз

Айналасын жер тұтқан

  • 1
  • 4

Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.

Толық

Биік тауға жарасар

  • 0
  • 3

Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.

Толық

Төріңде жатып салмақтан

  • 0
  • 0

Ай, Абылай, Абылай!
Қатын алма қарадан,
Қара тумас сарадан.
Қатын алсаң қарадан,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар