Өлең, жыр, ақындар

Теңеу

  • 30.11.2015
  • 0
  • 3
  • 40154
Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.
Сағымда жүзіпті,
Торларды үзіпті.
Тартыпты азапты
Көрсем деп қызықты.
Не кінә тағасың!
Не пәле жабасың!
Көріпті балық боп,
Тағдырдың табасын!
Мың құрбан,
Жүз құрбан,
Ұл құрбан,
Қыз құрбан.
Балықтай қуырған,
Қуырған,
Шыжғырған.
Қармақты қапқаны
-
Қызыл қан аққаны,
Қиналып жағада
Қанатын қаққаны.
Бабамның
Балық боп
Міне, осы тапқаны!



Пікірлер (3)

нурасыл

оте жаксы жазылган олен екен адамды ойга шомылдырады

Нұргелді

бұл өлеңдер өте жақсы жазылған біліміңді шыңдайды

меруерт

Оте жаксы олен тез жатталады. Мен тек осы оленди жаттаймын деп шештим. маган саттилик тилениздерши

Пікір қалдырыңыз

Есіңнен шықпас ойдан ба

  • 0
  • 0

Есіңнен шықпас ойдан ба,
Естінің сөзін қимайсың.
Жаңаны былай қойғанда,
Ескінің өзін қимайсың.

Толық

Одағай

  • 0
  • 0

Асау тайым бермеді бой,
Ашу мені кернеді ғой,
О-ой!
Тарғыл жылан шақпады шақ,

Толық

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді

  • 0
  • 0

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді,
Көп болмайды бірақ та,
Жаз өтеді.
Кім шығады бұл түннен,

Толық

Қарап көріңіз