Анашым

  • admin
  • 12.04.2015
  • 1
  • 27
  • 38509
Анашым!
Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!
Жаратылдың бағыма шын
Білемін көңілсізсің, сағынасың.
Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.
Қапа болма мен үшін, неғыласың..

Басқа да өлеңдері

Мәңгілік жастық

  • 1
  • 1

Мәңгілік жастық,
Мәңгілік жасыл,
Көкпеңбек.
Алақай, біздің алаулы жастық еткен жоқ!

Толық

Қысырақтың үйірі

  • 1
  • 1

-Бағасың! - деді бастығым,
-Бақпаймын! - дедім, бала едім.
Артым бос, айтар тасбуын,
Жоқ-тұғын менің дәлелім.

Толық

Ертең біз жол жүреміз

  • 1
  • 0

Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.

Толық

Пікірлер (27)

гуля

оте керемет

мадияр

оте мыкты олен екн

Асылзат

Күшті

санавар(Саида)Сайпидинова.Ош каласы.Кыргызстан

Не деген керемет ойлар адамды мын толгантып,ойлантатын.Кудайдын кудиретин караныз Сиздей мыкты тулганы жарык дуниеге акелген.Аллаху Акбар!!!

Улжан Абдрахманова

Оте керемет мен осыдан бес алдымго

ракманкул шугыла

Недеген керемет олендер мен 5 сынып окушысымын анашым деген оленди аттым

Малика

Өлеңдi жатқа бiлемiн

айдос

Керемет

Ақниет

Анаға қанша мақтау айтсақта көптік етпейді.

мадина

мукагали атамыздын олендерын суйсынып тындаймын

Гуля

керемет рахмет

Диляра

Өте керемет Мұқағали сияқты ақынды жер жұзін шарласамда таба алмаспын!!!

Айкүн

Өте керемет мен мәнерлеп оқудан 1-інші орын алдым

Биржанн

керемет

Айдана

мұқағали атамыздың өлеңдерін жақсы көремін.

Аружан

тамаша

молдыр

мен мукагали атамызды катты жаксы коремын

молдыр

оте керемет

Ақтоты

Маған Мұқағали атаның өліңдері ұнайды

Кажымукан

Оте керемет

Арайлым

Оте керемет мен осы поэзияны унатамын. Тіпті осы оленди коп айтамын. Сабакта осы поэзияны айтам бесте алам

Арайлым

Маған бұл олен қатты ұнады. Ен керемет олен екен .

НАРГИЗА

Өлен өте керемет тіпті жүрегімді жылатып жіперді.Көп-көп рахмет сізге МҰҚАҒАЛИ ата.

Ринат

Мукағали қандай керемет адам болған мен ол кісімен сүйсінемін оның өлеңдері де ұнайды бірақ қазір сол Мұқағали,Абай атамыздай адам жоқ болғаны қандай жаман.

Анарбай Бекасыл

Мен осы поэзяны катты унатам Мұқағали ата сіз кандай керемет адам болгансыз

Керемет олен

Оте керемет олен маган унады

Асия

Ұнады өте жақсы өлең

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)