Кел, балалар, оқылық

  • admin
  • 13.04.2015
  • 1
  • 25
  • 33445
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас.
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны – ды,
Тұрған сайын шыныққан.
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан.
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата–ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата–енең қартайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата–енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.

Басқа да өлеңдері

Өзен

  • 2
  • 41

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Толық

Азған елдің хандары

  • 1
  • 12

Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары.
Жарлыдан алып байларға,
Сыйлар берсе керек - ті.

Толық

Жаз

  • 1
  • 21

Сөуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...

Толық

Пікірлер (25)

Асел

Мына өленді өзгертіп жазған

ақбота

маған ұнады

ақбота

жақсы

Нарбол

Ыбырай атамыз мына олен жолдарын керемет жазыпты.Асиресе Ай жигиттер кушти болыпты

Нұрсұлтан

негызы озы олой адемы жазылган озгертпеген

аяа

қатесіз жаз

аяа

қатесіз жаз нұрсұлтан

Абай

Оте адеми маган онер билим бар журттар унады

Улпан

Кел балалар окылык олени унды.

Жанерке

Асел бул оленды дурыс жазылган жай гана кателеспесем 2000 жылдары озгерткен Бір аллага сиынып дегенды алып тастаган

томирис

маган осы олен катты унады

ЕРДОС

МАГАН УНАЙТ

Айша

Олендерды керемет жазган

Мансұр

Ол 25-сыныптағы емес

Мансұр

Оны олай жасамайды

Зарина

Мен бурын Ыбырай Алтынсариннин Кел балалар окылык деген оленинин кайталама создермен жазганын кормеппин

Ерлан

Зарина, енді көрдің да

Бақдəулет

Керемет.Маған ұнады.Сөз жоқ.

Елдос

Жаксы. Маган катты унады

Махаббат

Негізінде, патша үкіметі кезінде, "Бір Аллаға сиынып",- деген жолын алып тастап, шығаратын болған. Сондықтан, бұл дұрыс нұсқасы деп санаймын.

Ақнұр

Патша үкіметі емес.Кеңес үкіметі кезінде алынып тасталған"бір Аллаға..."деген шумақ.

Бегалы

Осы оленди мен немереме жаттатып журмн. Онай жаттап жатыр.

Нурай

Керемет олен

Берік

Керемет☆☆

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)