сайыс
ozgetil.kz

Азған елдің хандары

  • admin
  • 13.04.2015
  • 1
  • 16
  • 26315
Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары.
Жарлыдан алып байларға,
Сыйлар берсе керек - ті.
Азған елдің қожасы,
Қыдырып келер есікке.
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке.
Балаларын бастырып,
Қатындарын састырып,
Төрге қарай ұмтылып,
Тамақ үшін қылғынып,
Дуа қылса керек - ті.
Азған елдің молдасы,
Үлкен болар сәлдесі.
Аса бауыр қылмаңыз,
Оның рас емес олдасы.
Көрмей - білмей біреуге,
Куәлік берсе керек - ті.
Азған елдің биінің,
Барар болсаң алдына.
Алым берсең тамағына,
Қарар ма ол сенің әліңе?
Қорадағы малыңа,
Төре берсе керек - ті.
Азған елдің байлары,
Ұлық тұтар басын - ай.
Қайда дәулетті адам болса,
Берер соған асын - ай.
Көзін сүзіп бір кәріп,
Төгіп келсе жасын - ай,
Бермек түгел, бейшараны
Масқара қылса керек - ті.
Береке кеткен елдерде
Күн қысқарса керек - ті.
Алатаудай атаға,
Ұл қышқырса керек - ті.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргектеп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Сондай сорлы анаға,
Қыз қышқырса керек - ті.
Азған елдің адамына
Айтсаң тіліңді алмаған.
Кетсе шарлап жия алмағай.
Бір Тәңірдей ұялмағай,
«Бүгін тоба қылайын.
Қашан тоба қылғанымша.
Үзіп - жұлқып алайын», - деп,
Өлшеп берген өмірін
Зия қылса керек - ті...


Басқа да өлеңдері

Кел, балалар, оқылық

  • 1
  • 29

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Толық

Әй, достарым

  • 1
  • 27

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.

Толық

Балғожа бидің баласына жазған хаты

  • 1
  • 33

Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен - аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Толық

Пікірлер (16)

Айзере

Өте күшті

Алсу

тамаша жазыдлган кинги урпактарга улги онеге болып калары созсиз

Асемай

Өте керекті нәрсе

Клара аже

узак ары шыншыл

Анель

Мағынасы оте терең екен

Шерхан

Мен жаксы коретин акин

Жамиля

Оте керемет маган унады

Аружан

өте керемет

Аяулым

04: 12: 17ж күшті

Аяулым

Маған ұнады класс

Бибізада

Өте керемет

Аяна

өте күшті маған ұнайды

нурай

Керемет өлеңдер.Ыбырай Атамыз əкесінен4жаста айырылған содан атасыБалқожанын қолында өседі сондықтан Ыбырай атамыз Балғожа атасына арнаған..

ЖАНДАРБЕК

ӘСЕРЛІ

зере

Өте мағыналы күшті маған ұнады

Алтынай

Жаттауға киын екен, жарыста айтуға болатын өлең

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)