Өлең, жыр, ақындар

Шәйір және шаруа

  • 10.12.2015
  • 0
  • 2
  • 8324
Жасырмаймын;
Мен аса
Шеттеу кетпей тегімнен,
Шәйір болып тумасам,
Шаруа болар едім мен.
Артық нәрсе шашылып
Жатпас еді ауламда.
Мәз болар ем
Ғашығым
Күнде сиыр сауғанға.
Солай бол деп әр үйге
Берер едім тәрбие...
Байлар едім, әрине,
Бір түйе мен бір бие.
Шырағындай қаланың
Сөнбес еді от бізде.
Тоқтамас ек
Баланы
Он-он беске жеткізбей!
Қауын-қарбыз бақшамда,
Қай кезде де май ішім...
Орда болып ақшамда
Отырар ек шай ішіп.
Өзенге ау құрар ем,
Мініп барып торыма.
Ақша салып тұрар ем
Бейбітшілік қорына.
Құмарлардың ғажапқа
Болар едім ермегі.
Олар: "Мынау қазаққа
Ұқсамайды!" дер ме еді?!
Мен сол сөзге қосылмай,
Күдіктерін жояр ем.
"Нағыз қазақ осындай
Болады деп қояр ем.
Қайткенде де, қарағым,
Мен шындыққа жуықпын.
Ақылымен шаруаның
Ақын болып туыппын!



Пікірлер (2)

сара

тамаша

марал

Кушти керемет
Маган катты унады

Пікір қалдырыңыз

Сүйікті сүйел

  • 0
  • 0

Күнге тосып,
Желге тосып арқамды,
Еңбекпенен қарсы аламын әр таңды.
Қаламсаптан пайда болған сүйел бар

Толық

Шөңге теру

  • 0
  • 0

Етік кию жоқ ойда,
Жалаң аяқ тоғайға
Жидек іздеп барып ем,
Жүргізбеді шоңайна.

Толық

Өнердегі жас қадам

  • 0
  • 0

Өнердегі жас қадам
Көп нәрсені кеш білген.
Артық емен басқадан,
Кем де емеспін ешкімнен.

Толық

Қарап көріңіз