Өлең, жыр, ақындар

Шаттық қайда, ән қайда аласұрған

  • 10.12.2015
  • 0
  • 1
  • 14193
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған?
Түндер қайда ұйқыны таң асырған?
Байланғандай тіл-аузым тұншығамын
шалға тиген байғұстай шарасыздан.
Күлкі қайда қытықтап шашыраған?
Өрлік қайда қеле алмас қасына жан?
Жанарымнан жанымды ұғынатын
қайда менің аяулым - асыл анам?
Күндер қайда көздерден жалын ұшқан,
Өкпелескен, назданған, тағы ұғысқан?
Сезім қайда жүректі алқындырып,
жын ұрғандай сенделтер сағыныштан?
Достар қайда - сауықтың сәні қайда?
Тілеуі бір, жаны - жаз, әні майда?
Қырық оянып ататын таңдар мына
құйттай, жалғыз жүректі қарымай ма?!
Айдын көлден аққулар ұшқаны ма?
Қайнар қайда құятын күш жаныма?
Үнсіз өрлік шаттығын жерлесе де,
әлі бермей келеді дұшпаныма.
Тағдыр ғұмыр кештірмей малша маған,
кемтар етпей, кенде етпей ар-санадан,
өмір бітті. Мен кешкен сәттің бірін
сезіне алмай өтеді қаншама адам...

1976



Пікірлер (1)

Айай

Тил туралысы барма

Пікір қалдырыңыз

Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба

  • 0
  • 0

Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба,
оған да от болып
беріліп жалындайсың ба?
Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба,

Толық

Екінші өсиет

  • 0
  • 0

Мынау кітапханамды қалдырамын,
Құндысы осы мендегі бар мұраның.
Кітаптарды жинадым көп жыл бойы,
Көп сырластым, түндерде қалғымадым.

Толық

Қай жерде отырса да қарлығашың

  • 0
  • 4

Қай жерде отырса
да қарлығашың,
сен оның
жүрегінде, жанындасың.

Толық

Қарап көріңіз