Өлең, жыр, ақындар

Өз-өзіме

  • 11.12.2015
  • 0
  • 0
  • 4963
Аз білімін шығара алмай майданға,
Көп білімді жинап алшмай қайранда.
Білмек түгіл білгенінен айырылып,
Қалды жүрек опыр-топыр ойранда.
Қырқылғыр тіл қыртқаныңнан пайда кем,
Бітіп қуат, бақ маңдайдан тайғанда .
Шайпау болсаң, өгей әкең жақтырмас,
Қой белдікті, жорғала да маймаңда.
Мезгіл-мезгіл айып жүрек тартасың,
Қайтарусыз, ежелгі ескі тайраңға.
Кімнің алған мәңгілікке шені бар,
Азулы боп, атақтарын жайғанда?
Қолың жетпей, өскір өмір құр бекер,
Ен далада еркін өскен сайранға.
Көздің жасын көретін жан болмай тұр,
Еткен зарың, түкке тұрмай айлаң да.
Тырп еткенің сатулы боп заман тұр,
Кедейден іс қарас болмай байдан да.
Қолды сыбан, іске кіріс алла деп,
Өзіңді өзің жырмен аулап жайланба!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялым

  • 0
  • 3

Таза жүн, түсі әдемі бір құс болсам,
Бұтаққа көңілім сүйген ұшып-қонсам,
Зарымды жұртқа айтарлық сайрағыш боп,
Уа, дүние, шығып мұңым, көрсем шолпан!

Толық

Уай, жаным

  • 0
  • 0

Уай, жаным, дүниеде сен аз күн онақ,
Заман жоқ, көп тұруға, өмір шолақ.
Жас өмір екі айналмас, мойын бұрмас,
Жұмыс ет оқтай зырлап, қардай борап.

Толық

Ақыл

  • 0
  • 0

Мен сені жандай көрдім, ақыл,
Сонан соң іздей, сұрай бердім ақыр.
«Менде бар, менде бар» деп әр біреулер,
Жан біткен саған толық болып жатыр.

Толық

Қарап көріңіз