Өлең, жыр, ақындар

1941 жыл. Ақпан.

  • 14.04.2015
  • 1
  • 13
  • 56984
1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Аулымызды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді аттандатқан.
Аттан! деді,
Ол ертең аттанады.

Аттанады еңбектің ақ табаны:
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің ролін атқарады.
Ол ертең аттанады.

Жарты Ай тұр шар аспанда - тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға.
Ол отыр.
Аямай-ақ ішіп алған.
Санасын мазалайды күшік-арман.
Аттан, әке.
Таныс қой күрес саған,
Күресуі керек қой күші бар жан.
Here бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке.
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде шыбыны бар паңырлар,
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Қалай сені жұбатам, аңыра, Ана,
Сау қайт деп тәңіріңе жалын, Ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар, әке бізге табыла ма?
...Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған...



Пікірлер (13)

Гүлнəр

Керемет өлеңдер

Мұқағали Мақатаев

Осыны жаттап алыныздар!

диана

керемет екен мен осыны жаттайым бирак аздау екен

диана

керемет екен меносыны жаттайым бирак аздау жалгасы жок па

диана

керемет екен бирак аздау толыгы жокпа мен жарыска айттайын деп жатырмын

Акерке

Осы өлеңнің жалғасы жоқ па?

Berikuli Platini

KepeMem

Бексұлтан

Ақ түнек ақ қар аспанда
Ақсайда жылқы баққанда....деген өлеңін қалай тапса болады?

Дариға

Керемет өлеңдер

Маржан

Мағыналысы ұнады

Сезім

Мағыналы әрі сөздері анық жазылған

Пікір қалдырыңыз

Ұнатамын мен сені

  • 0
  • 4

Ұнатамын мен сені, дегенменен,
Көрмегенді басқадан, сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егерде мен.

Толық

Қырқа бар

  • 1
  • 2

Қырқа бар Алматының шығысында,
Жатыр сонда жақының, туысың да.
Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек,
Қайтіп жатыр аядай қуысында?!

Толық

Саяхат

  • 1
  • 8

Сал-сал да күндер, сал күндер,
Балалық атты бал күндер,
Барайын баяғы ауылға,
Жоқ кімдер, я бар кімдер.

Толық

Қарап көріңіз