Өлең, жыр, ақындар

Өкпелеме

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 10603
"Түрсіз ғой" деп, түсіне тыжырынба, ардақтым!
Сұр шинелдің ішінде
Жүрегі бар солдаттың.
"Өңсіз ғой" деп, түсіне өкпелеме, ақылдым!
Бөз көйлектің ішінде
Жүрегі бар батырдың.
Бор жаққандай шашына өкпелеме, ақылдым
Табары бар асылдан
Мынау ақбас ақынның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тал кестім...

  • 0
  • 0

Тал кестім, алайын деп таяқ жонып,
Таяқ тал себі тиер, аяқ болып.
Ойдың бір үзігіндей әлгі таяқ,
Аршыдым, күрең түске алдым бояп.

Толық

Толып жатыр, жекжаттары біреудің

  • 0
  • 5

Толып жатыр, жекжаттары біреудің.
Дей алмаймын: " Тумам аздан жүдеумін"
Он туысы татымаса бір досқа,
Неменеге күпінеді құр босқа?!

Толық

Тауық деп, шіркін, осыны айт

  • 0
  • 0

Көр ғажайып тауықты:
Үш жұмыртқа тауыпты!
Менің тәтем Меңсұлу
Жылда тауық бағыпты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар