Өлең, жыр, ақындар

Сырым қызға

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3317
Хат жаздым ғашықтықпен Сырымжанға,
Бермеуші ем бұрын көңіл ешбір жанға.
Сәулесі қараңғы үйді жарық қылған,
Ұқсайды -ау ақ бетіңіз атқан таңға.
Сыртыңнан, Сырым, сенің болдым ғашық,
Жібердім сәлем айтып хатқа басып.
Білмеймін һүрімісің, перімісің,
Қыз тумас бұл жалғанда сенен асып.
Ақ бетің ағаш үйде жанған шамдай,
Ішінде қараңғы үйдің атқан таңдай.
Көрмекке, Сырым сені болдым ғашық,
Бұрынғы өтіп кеткен Күләндамдай.
Баласы текті атаның сырым айым
Қылды ғашық жамалыңа бір құдайым.
Көрмекке, Сырым, сені болдым ғашық,
Бұрынғы өткен Ләйлі -Мәжнұндайын.
Бетің қызыл қарға қан тамғанындай,
Қандай адам өзіңе таңданбайды-ай?
Үрім,Иран, Стамбул, орыс, қытай,
Ешбірінен сіздердей жан болмайды-ай.
Бетің ақшыл наурыздың қарындай-ды,
Шашың майда жібектің талындай-ды.
Арқа, Бхар, Әндіжан, Петроград
Баршасынан сіздей жан табылмайды.
Ойлап тұрсам қасың-жай, көңілің-киік,
Ақ бетіңнен күн бар ма, жатар сүйіп?
Сыртыңнан «пәлен-түген» дейді дұшпан,
Жете алмай арманда боп жедім пұшман.
Дәмелі қаршыға да, қара құс та,
Боп тұрсың сен бір үйрек көлден ұшқан.
Аршын төс, алма мойын, қиғаш қастан,
Ешбір жан көре алмадым сенен асқан.
Сырым, сізден басқамен ісіміз не-ай?
Жаманға көрсетпесін түсімізді-ай!
Теңізден шығып тұрған сіз бір седеп,
Дүр тамар қай бұлыттан етіңізге-ай.
Ашылған екі бетің қызыл гүлдей,
Дал болар көрген адам есін білмей.
Әлде қандай адамға қор боласың?
Қалың қара бұлытқа кірген күндей!
Ауылың жылда шығар Сарысуға,
Жолықтың қоныстас боп қыпшақ қуға.
Ақылың жұрттан асқавн бір бала едің,
Қимаймыз жүзі бөтен Жетіруға.
Тидің бе, Сырым, соған өзің сүйіп!
Дегенге соны сүйдім, жүрмін күйіп.
Бір жігіт Көтеншіден таппадын ба,
Күзеген сақал-мұртын қуға тиіп?
Жақсы екен бәрекелді, қайын жұртын,
Іс көрмес жақсы жаман сенің ұлтың.
Сала бар төс қалтаңа іскегіңді,
Жұларсың көк тұқыл сақал мұртың.
Өзін бек, болған күнде, өзіне би,
Қалама қалағанмен бір сынық үй?
Сақалын қырыққа келіп қырықтырған,
Жігіттің өзі теңді біріне ти.
Есітсек сізден хабар «келсін» деген,
Бұл сөзге қандай жан бар есірмеген?
Теңізден шығып тұрған сіз бір седеп,
Салынып еш дүкенге кесілмеген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табиғат тамашалары

  • 0
  • 0

Ақ бұлыт пен көк бұлыт,
Аспан жердің арасы.
Суда сең де жүреді,
Қай жаққа болса барасы.

Толық

Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл

  • 0
  • 0

Қайраты бұл дүниенің мал менен пұл
Патшадай -малды кісі, кедейлер-құл.
Сұңқардай құрағытқан бауын түтіп,
Дәулетсіз қор болды ғой қайратты ұл.

Толық

Түзу терек

  • 0
  • 0

Заманында бар екен қариясы,
Өзі әйел, ағарған қардай шашы.
Түзуліктен аспанға басы жеткен,
Сол кемпірдің бар екен бір ағашы.

Толық

Қарап көріңіз