Өлең, жыр, ақындар

Жасыма, көңіл!

  • 18.12.2015
  • 0
  • 5
  • 20606
(І - НҰСҚА)

Жасыма, көңіл, жасыма!
Бақытқа басың кенелер!
Серік боп қиял қасыңа,
Жүлде алып, жүйткіп жөнелер!
Биікке ұшып шыңға өрле;
Көк бетін жүзіп, қалықта;

(ІІ - НҰСҚА)

Жасыма, көңілім, жасыма!
Іздегің саған не керек?
Әр гүлдің қонған басына
Секілденбе көбелек.
Қапаланба, қайғырма!
Біткен жоқ әлі бесігің.
Болашағың алдыңда,
Піскен жоқ әлі несібің.
Кез салып келер күндерге,
Хабаршы болғың халыққа.
Жасыма, көңіл, жасыма,
Сезімің бір күн оянар.
Өмірдің гауһар тасына,
Кіршіксіз денең боялар.
Кәрі тарих долданып,
Тербесе өмір бесігін.
Ашасың сен де колға алып,
Жаңа дүние есігін.



Пікірлер (5)

инжу .

кушти кызык екен.

Биксариева Диана

өте жақсы өлен екен

Анар

Жасыма. Көңіл өлеңінде Біріншісі бөлек па. Толық па.

жумабаи мəншүк

маған мұқағали мақатаиывтың өлендері қаты үнаиды

өлендері өте зор мағыналары өте зор

Бекзат

Мұқағали Мақатаевтың Жасыма, көңіл! өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Анау - аспан, мынау - бақ

  • 1
  • 6

Анау - аспан, мынау - бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.

Толық

Поэзия

  • 5
  • 95

Поэзия! менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Толық

Көлің қайда, туған елім?

  • 1
  • 6

Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.

Толық

Қарап көріңіз