ozgetil.kz

Ақ гүл

  • admin
  • 18.12.2015
  • 0
  • 21
  • 13177
Жаз болды.
Көріктенді құлпырып жер,
Оранып көк көрпеге бар өңірлер.
Төсінде жер ананың толықсиды,
Сапсыз көп, сары, жасыл өсімдіктер.
Атқанда таң бозарып алтын арай,
Аралап өсімдікті жүрдім талай.
Ашығы сүттен аппақ жалғыз түп гүл,
Алдымнан болды пайда әлдеқалай.
Ақ гүлді қызықтым да алдым жұлып,
Орнаттым үйге әкеліп орнын құрып.
Бейне бір күнәсіз зат күлімдейді,
Тұрғандай жүрегімнің сырын ұғып.
Қараймын ақ гүліме күнде-күнде,
Көркінен айырылып кетті мүлде.
Ақ гүлім сарғыш тартып сала берді,
Мұңайып, назаланады әлдекімге.

Басқа да өлеңдері

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

  • 0
  • 0

He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
Су тартылған теңізден, жылғалардан,
Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,
He бар дейсің, өмірге тұлға болған

Толық

Тау өзені тентек қой, тасып жатыр

  • 1
  • 1

Тау өзені тентек қой, тасып жатыр,
Ақ көбігін аспанға шашып жатыр.
Арғы жаққа отарын өткізе алмай,
Бала шопан айғайға басып жатыр.

Толық

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет

  • 1
  • 3

Адамды адам түсінбеу -- бір ақырет.
Ойлы жас, түсініпсің, рақмет!
Рақмет!
Жассың ғой жалыны мол,

Толық

Пікірлер (21)

Жасур

жақсы өлең екен

Надир

өлеңдеріңіз маған ұнады

Айдана

Керемет әсерлі өлең екен

Аягүл

Күшті екен

Димаш

Жаксы олен екен.

Фарида

өте керемет мен бұл өлеңді табамын деп ойламаған едім!☺

Назгүл

Керемет! Маған қатты ұнады

Сабина

Өленіңіз керемет екен

ИЛИЯС

Өсімдігім далада
Жайылып тұр қалада
Жұлып алып біреуін
Құлағыма тақтымда

Адам

Өте жақсы!маған унады

жаңыл

Шынында күшті екен

Гүлназ

Өте керемет!Маған да ұнады

Даниял

Мықты

Ерсұлтан

Өте мықты

Шолпан

Жақсы

Нұрила

Маған бұл өлең ұнады❗Өте керемет

Нұрила

Өте керемет өлең маған ұнады

Аида

Бұл өлең өте жақсы екен маған қатты ұнады

Аида

24.11.2017 маған сіздердің өлендерініз қатты ұнады сіздерге рақмет

Салтанат

Маған М.Мақатаевтың тақпағы ұнады. Керемет. Осы өлеңге қарап менің ойыма керемет жаздың дәл ортасы , құстар сайрап , гүлдер бүршік атқаны көз алдыма түсті

Айнұр

Гүлдерм гүлдер көп гүлдер. Қызыл гүлдер көк гүлдер Жайнап кезім келді деп құжаттарын желбіреп

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)