Өлең, жыр, ақындар

Соңғы сағатта

  • 18.12.2015
  • 0
  • 4
  • 23223
(Элегия)

(І - НҰСҚА)

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.
Жасарымды қанша жыл білмеймін мен,
Түсінем бірақ жалғаннан өтерімді.
Аянышты үн шығып жүрегімнен,
Көз жұмып мәңгі ұйқыға кетерімді.
Ажал келіп еліммен арандатар,
Үнсіз, тілсіз жанталас халге салып.
Күнәсіз көз жаутаңдап қарап жатар,
Кең, жарық тіршілікке құмарланып.
Қысылармын қиналып, демім бітіп,
Тіл күрмелер ақырғы сөзге келмей.
Сонда мені суық көр алар күтіп.
Иненің де көзіндей сәуле бермей.
Жатқанымда бітетін сағат санап,
Қош айтуға достарым мүмкін келер.
Қорқынышты көзбенен сонда қарап,
Мәңгі ұйықтауға қалғыған мені керер.
Қия алмай тіршілікті жатқам да өлмей,
Мүмкін, тұрар достарым мені бағып.
Қоштасарға бірақта тілім келмей,
Бас изермін, ең соңғы иек қағып...
Жылу кетіп жүректен, тоқтар қаным,
Қисаярмын өлімнің күні жетіп.
Шырылдап көкке ұшар менің жаным,
Аяусыз сұм ажалдың ызғары өтіп.
Жасай білген жүрегім өле білген,
"Өлмеймін", - деп айта алмай көңілменен.
Бірақ өлер алдында өткір тілмен,
Қош айтыссам тіршілік өмірменен.
Тәтті өмірдің тамаша қимас күні.
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып.
Соғып соңғы сағаттың аяулы үні.
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.

(ІІ - НҰСҚА)

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып.
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні
Көз алдына елестер бір тұңғиық.
Жасарымды қанша жыл білмеймін мен,
Түсінемін өмірден өтерімді.
Аянышты үн шығып жүрегімнен,
Мәңгі ұйқыға тұншығып кетерімді.
Ажал келіп өліммен арандатар,
Үнсіз, тілсіз жанталас халге салып
Күнәсіз көз жаутаңдап қарап жатар,
Аяулы тіршілікке құмарланып.
Жатқанымда бітетін сағат санап,
Қоштасуға достарым мүмкін келер.
Қорқынышты көзбенен сонда қарап,
Мәңгі ұйықтауға қалғыған мені көрер.
Қия алмай тіршілікті жатқанда өлмей,
Мүмкін, тұрар достарым мені бағып.
Қоштасуға дәрмен жоқ, тілім келмей,
Бас иермін ең соңғы иек қағып.
Ақырында тынармын, бітер демім,
Жарқыраған жұлдызым сөнер менің.
Тон ішінде мұздаған қайран тәнім,
Бет дүздігің бес метр болар кебін.



Пікірлер (4)

Зарина

Өтініш айтып жіберіңіздерші бұл өлен қай уақытта шыққан екен

Ғалия

Мен Мұқағали өлеңдерінжылап тұрып оқимын,
дәл мен үшін жазылғандай...

Бексұлтан

Жақсы әндер екен

Бексұлтан

Маған әке деген ән ұнады

Пікір қалдырыңыз

Бақыт деген

  • 1
  • 17

«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің

Толық

Баспа, мұнар!

  • 1
  • 2

Арылмасын аппақ нұр бастарынан,
Шашпа ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Кетпе, шуақ,

Толық

Егін салдым

  • 1
  • 2

Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым
Сағынам да,

Толық

Қарап көріңіз