Өлең, жыр, ақындар

Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние

  • 14.04.2015
  • 1
  • 3
  • 21175
Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Тозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатта десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдың адал ризқын жесең де,
Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,
Ішіңнің түзетпейсің хатасын.
Айла мен алдағанды жөн көріп,
Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Аллаһтың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың.



Пікірлер (3)

Шехназ

Маған Тойымсыщ нәпсі тұрақсыз дүние өлеңі қатты ұнайды

Рауан

Шəкəрім атамыздың жатқан жері жайлы, жаны жəннəтта болсын! Осындай өлеңдері жастарымызға жаттатқызуымыз керек.

Жанұзақ

Шәкәрімның сөздеріндегі Алла сөзін Аллаһ деп аударып жазуды қойыңыздар. Сананы шалажансар нәрселермен әбден уламаңыздар. Бұрынырақта аллаһ деп сөйлемеген

Пікір қалдырыңыз

Қожа Хафиз сөзінен

  • 1
  • 0

Көрiнiске шоқынған,
Сопы бiздi не бiлсiн.
Не десе де сыртымнан,
Ренжiмеймiн, неғылсын.

Толық

Тағы сорлы қазақ

  • 1
  • 6

Салынған қала жоқ,
Оқытқан бала жоқ,
Қолында өнер жоқ,
Ғылымда дана жоқ.

Толық

Сәнқойлар

  • 2
  • 1

Шедірейіп, шекиіп,
Қасын керіп кекиіп,
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп.

Толық

Қарап көріңіз