Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан

  • 03.02.2016
  • 0
  • 14
  • 39333
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатайын мен бүгін,
Қойсын енді Қорқыт күйін сарнамай.
Атам Абай, арманыңа бер тыным,
Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын.
«Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен
Мынау дала, біздер өскен кең мекен -
Қызыл тулы ел Қазақстан дейтұғын!
Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау,
Тоңы - алтын, түгі - торқа жер мынау!
Қарағанды - қара қазан қайнаған,
Дүние-байлық тұрған жайнап айналам,
Елдігіме етер шүбә қандай жау?!
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Кім қызықтап, мақтан етпес бұл жерді,
Бақытыңа қуан, қазақ баласы!
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз -
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Байтақ Отан - туып-өскен өз елім,
Өмірімдей өршіп аққан өзенім!
Артым жақсы, алдым қандай тамаша,
«Бөтен елдің падишасы болғанша,
Өз елімнің терсем артық тезегін!»
Қуанамын, көрсем атты қазақты
Ән шырқаған алшы тастап тымақты.
Қуанамын шапқанына құйғытып,
Қанаттанып, алыс жолды тез ұтып,
Огты көзбен тұрса шолып жан-жақты.
Аралашы Алматының көшесін,
Емендермен егесе сен өсесің.
Талғар тауда тудай жайнап талабың,
Бой ұрасың мұхитына даланың,
Қайтарам деп өміріңнің есесін.
Туған бала құба құмда, жер үйде,
Тоқсан томды алдына алып ҚазПИде,
Отыр дүние архивтарын ақтарып,
Соны көріп сүйсінем де мақтанып,
Кетем жырлап, қосылам да бір күйге.
Тау қопарған, көлді көлге қотарған,
Біз ерлерміз алғыс алған Отаннан.
Туған жердің салмақтап сом алтынын,
Содан ұғып келешегін халқының
Жүрген жасты жырлап өтсем, жоқ арман.
Кемпір көрем көк өзендей күй төккен,
Шалды көрем жыр ұшырған көкіректен.
Қызымыз бар құралай көз, қара шаш,
Күлкісі - күн, сайрап кетсе - сандуғаш,
Жігітіміз барабар жас түлекпен.
Көк құрыштан құйылғандай бір елміз,
Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.
Әніміз бар асқақ жалау сықылды,
Көтерілсе - тік көтерер жұртымды,
Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатамын мен бүгін,
Еркелеймін кең даламда баладай.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



Пікірлер (14)

Міндетті түрде оқыңыздар қызықты 21 ғасыр жастары

Бүгінгігің жастары
Ауырады бастары
Ауырмай ол қайітсін
Ашылмайды қастары
Қолдарында соткасы
Ұрсады оған отбасы
Сотканды қане таста деп
Сотканды ойлап саспа деп
Твңдамайды баласы
Тыңдаса ол
Өртеніп кетер даласы
Смартфон бар, айфон бар
Суретке түсетін арттарында жай фон бар
Айтарым бар ей жастар
Бұрынғы заманға қайтыңдар сол заманды баяндап бізге айтыңдар
Үлкендердің ашып жүр ғой жандары
Үлкендердің сендер үшін ауырып жүр бастары
Эх, шіркін бүгінгінің жастары
Ауырып жур бастары

Лаззат

Өте тамаша өлең

гульвира

Сөздері керемет

Арайлым

Ар оленнин астында бир шындык жатады, керемет!!!

Аружан

Өте керемет,♡♡♡

Аружан

Өте тамаша

Ақбота

Өте керемет өлең

айнұр

өзінше маған аздап ұнамады сөздері біртүрлі үйлеспейді

Bloger Aibek

Керемет

Асыл Равшанбекова

Өлең өте тамаша Айнұр сен біріншіден осы өлеңдер жазып көр кейін ұйқасама ұйқасама өзің білесің

Адина

Маған ұнады өте тамаша

Авика

Бауырмалдык туралы макал керек интернеттен шыкпайт

Ұлдана

Авика, Ілмек бойынша іздеумен іздеп көр, Бауыр деп жазып, былай: http://bilim-all.kz/tag/proverb?tag=%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80

айдана

керемет

Пікір қалдырыңыз

Теректің сыйлықтары

  • 0
  • 0

Тауды да, тасты жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.

Толық

Көкте зырлап барады

  • 0
  • 0

Көкте зырлап барады
Алтын жұлдыз.
Жерде тұрып қарады
Әлия қыз,

Толық

Ұқсас ұрандар

  • 0
  • 0

Жауынгерлік өтті он жыл.
Өшкен жоқ әлі жау үні,
Мүмкін тағы
Жақында,

Толық

Қарап көріңіз