Өлең, жыр, ақындар

Көктем

  • 03.02.2016
  • 0
  • 8
  • 18737
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайын деп құрыстаған.
Ала бұлт аспанның бір қабатындай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Күміс бу жер бауырлап козғалады.
Көктемнің ұшып келген қанатындай.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнмен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре берер
Інідей орын берген ағасына.



Пікірлер (8)

бибинур

маған Қадір атамыздың қай өлеңі болсада ұнайды өте керемет

Айда

Дұрыс айтасың Бибңнұр

Алия

Керемет

аяжан

шын журектен жазылган поэзия омирине арналып келген керемет

Бота

Өте жақсы

Сымбат

Өте керемет жазылған.

Байжан Нұрлыайым Бегалықызы

Өте тамаша жақсы керемет ол туралы мәліметтер бар ма? Жазыңдаршы

Сағи

Мен өлең сайысына қатысайын деп жатырмын Қадыр Мырза Əлидің өлеңдерінен

Пікір қалдырыңыз

Не қалады?

  • 0
  • 0

Не қалады?
Шаң қалады көштерден.
Майы біткен шам қалады кештерден.
Не қалады?

Толық

Не ұтып, неден ұтылдым?

  • 0
  • 0

Айтып көрді жалынып,
Қорқытты да,
Қоймадым.
Асыққа бір салынып,

Толық

Туған жердің ауасын

  • 0
  • 0

Туған жердің ауасын
Сағыныппын мен тегі.
Үлкен түгіл, баласын,
Момын түгіл, тентегін.

Толық

Қарап көріңіз