Өлең, жыр, ақындар

Отарбада

  • 03.02.2016
  • 0
  • 1
  • 6012
Бейне перне тізілген,
Шпал қалай көп еді,
Шегіндей домбыра
Рельстер күй төгеді.
Басып перне күй гулеп,
Міне отарба жөнеді.
Қазақстан ән-жырын
Өрге тартып келеді.
Жүйрік болат паровоз
Мені де өрге тартады,
Шайқап жарық вагондар,
Бойда қуат артады.
Терезеден қараймын,
Дөңгелейді айналам.
Қандай жүйрік отарбам,
Қандай қызық заманам!



Пікірлер (1)

Мәриям

Бұдан да жақсы өлеңдері көп еді ғой, солардан бір өлеңдер жазсаңыз қайтеді? Өмір туралы, тіл туралы... мына бір өлеңін есіме түсіре алмай отырмын ... "... Келемін ортасына осылардың, мүмкін мен жамандарға қосылармын..."

Пікір қалдырыңыз

Түнде

  • 0
  • 0

Түн. Жазғы түн.
Түнде өмір жоқ
Дейтіндер кім?
Білмеймін.

Толық

Құрдастар

  • 0
  • 0

Гүлжан мен Нұржан маған құрдас еді.
Бірге өскен екеуі де сырлас еді.
Панасыз интернатқа бірге кірген,
Жетімек жеті жастан мұңдас еді.

Толық

Ақын — батыр

  • 0
  • 0

Отырды ақын ойға батқан
Өлең мен жыр толған үйге,
Ұшқыр қиял қанат қаққан
Тыңнан дастан көтеруге.

Толық

Қарап көріңіз