Өлең, жыр, ақындар

Атаның шаһуатының көп қой мәні...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 4
  • 15365
Атаның шаhуатының көп қой мәнi,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.



Пікірлер (4)

Алтынай

Шакрим ата, сол уакытта реинкарнацияны билген екенгой, Жаннын сансыз келетинин омирге.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны..... дептигой.

Евгения

Ислам дінінде Реинкарнация деген нәрсе жоқ қой, Шәкәрім мұсылман болған, демек басқа нәрсені айтып отыр

Арай

Евгения, дұрыс айтасыз, менің де ойымша Шәкәрім ата мүлдем басқа нәрсені айтып отыр. Ал мүмкін ол Реинкарнация ға да сенген шығар, бірақ мұсылман дінінде Реинкарнация болмаған ау

Пікір қалдырыңыз

Шошыма, ойым, шошыма...

  • 1
  • 2

Шошыма, ойым, шошыма,
Келмейдi жындар қосыма.
Таhараты жоқ сайтан
Жоламас менiң қасыма.

Толық

Тауық неге шақырар сағат сайын...

  • 1
  • 1

Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?

Толық

Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр...

  • 2
  • 1

Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр,
Алпыс үй, бәрі кедей Әнет жатыр.
Нашар ата баласы дейді оларды,
Еңбектерін бұл күнде ұмытты ақыр.

Толық

Қарап көріңіз