Өлең, жыр, ақындар

Бейісте бар сұлу жар...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 1
  • 32654
«Бейiсте бар сұлу жар,
Мінсiз таза хор қыздар,
Рахат берер бал кәусар»,–
Дейдi бiздiң молдалар.

Айтады да бұл сөздi,
Арақтан тыйды ол бiздi,
«Сүйме,– дейдi,– бiр қызды»,–
Молдекемнiң жыны бар.

Кәусарың рахат бермесе,
Мас қылмай iштi кернесе,
Хорды асық боп көрмесе,
Несiн мақтап қылдың зар?

Кәусары болса арақтай,
Хор қызы болса қарақтай,
Қоймас па едi жаратпай,
Бейiске ондай арам нәр.

Қызына асық болмаса,
Мастықпен көңiл толмаса,
Көкейiме қонбаса,
Бейiсiң маған – мұз бен қар.

Молдеке-ау, олай емес қой,
Қыз құшып, жемiс жемес қой,
Мысалмен айтқан кеңес қой,
Тәпсiрлеуге миың тар.

От емес қой дозақ та,
Дүние iсi жоқ о жақта,
Барамыз ғой қонаққа,
Сонда анықтап байқалар.

Жалықпас, бiтпес рахат бар,
Азабы оттан қиын, тар,
Нәпсiге ерген молдалар,
Қыз құшуға тым құмар.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер...

  • 1
  • 1

Mал да аяулы,
жан да аяулы болса егер –
Малды аяма,
жаның үшiн малды сат!

Толық

Насихат

  • 2
  • 2

Балаңа ғылым үйрет жас күнінде,
Досыңа жақындама мас күнінде.
Халқыңа қайрылар деп насихат айтпа,
Ел бұзық, ерегескен, қас күнінде.

Толық

Иесіз қорада

  • 1
  • 1

Жапанда жалғыз жаттым елден жырақ,
Көп іші болмаған соң маған тұрақ,
Жасымнан сүйген өмірім – оңашалық,
Қартайып, алжып тұр ғой деме, шырақ!

Толық

Қарап көріңіз