Өлең, жыр, ақындар

Бурабай көл

  • 07.02.2016
  • 0
  • 6
  • 18932
(Өміржанға)
Мінгескен айнала тау арқасына,
Бурабай жатыр орман ортасында.
Бір сүңгіп Бурабайдың толқынына,
Отырдым жағадағы жартасына.
Аспанға көтерілген ақ тас тура,
Секілді аңыздағы ақбас бура.
Көбігін қайтадан ол көлге беріп,
Қайыңға көлеңдетіп жаппас шуда.
Жиналған табиғаттың асылы бар,
Етегі — аппақ қайың, басы — шынар.
Көкшенің күмбезіндей көтеріліп,
Ойнайды жалт-жұлт етіп жасыл мұнар
Адамдай қарағайлар тауға өрлеген,
Көңілді жыр көтеріп, ән кернеген.
Сұлулар көп болса да жер бетінде,
Көкшедей кереметті жан көрмеген.
Келсе де бауырыңда тыным алғым,
Күй болып күңіреніп, шуылдадың.
Бұрқанып көл Бурабай көбік шашып,
Жыр болып құлағымда тұрып алдың.
Сиқырлы бір сұлу саз тарап үннен,
Шайқалды көл толқынмен, дала гүлмен.
Көргенде құмарымды бір қандырдың,
Көркіңе ғашық едім бала күннен.



Пікірлер (6)

ұлжан

Керемет жазылған қаламының ұшы қасиетті ақындардың бірі

Асем Султан

керемет

Асем Султан

оте керемет маган унады

Жигер

Рахмет

анна

Өте керемет.Маған өте қатты ұнады.

анна

Өте керемет.Керемет ақынның бірі "Сәкен Сефуллин"

Пікір қалдырыңыз

Ұльітау

  • 1
  • 0

Сағындым Кішітауымды,
Сағындым Ұлытауымды,
Сағындым туған бауырымды,
Сағындым қайран ауылымды.

Толық

Соғыс жылы Көкшетауда

  • 0
  • 0

Қасымда Нұрқан бар еді,
Көкшетау басы қар еді-
Есіме сол күн түседі,
Қылшылдап тұрған қыс еді...

Толық

Ақ қайың

  • 0
  • 1

Жапырағын күн сүйіп,
Бұтағын жел тербеткен.
Даласында Волховтың,
Дарқан өсіп ер жеткен.

Толық

Қарап көріңіз