Эссе және өлең-жыр байқауы

Жан денеден жалықты...

  • admin
  • 14.04.2015
  • 2
  • 0
  • 8454
«Жан денеден жалықты,
Жанды ал»,– дедім Жарыма.
«Ол сасыған балық-ты,
Кім құмар,– деді,– жаныңа».

«Сасып кетсе жанымды,
Таза сумен жуайын.
Аппақ қылып тәнімді,–
Дедім,– қайта туайын».

Жарым айтты: «Жүректі
Арақ ішкен мимен жу.
Шірітіп жүр сүйекті,
Ескі иманның бәрін қу».

Мас болып алып құйған ми,
Жүрегіме жетсе де,
Шықпай отыр нәпсі би,
Сасық иман кетсе де.

Қайтерімді білмедім,
Жар білер деп қысылдым.
Өмірді көзге ілмедім,
Қанжарға мойын үсындым.

Шапты Жарым басымды,
Арам қаным төгілді.
Нәпсі дарға асылды,
О да жаннан түңілді.

Өз Жарына шапқыздым,
Бас қарызы менде жоқ.
Жанға Жарын тапқыздым,
Армансыз мендей бенде жоқ.

Дүние ісінен шошыман,
Басы жоқта сана жоқ.
Қорықпан дозақ отынан,
Санасызға жаза жок.

Енді маған, ойласам,
Дұспан да бір, дос та бір.
Терең ойға бойласам,
Адам менен шошқа - бір.

Екеуі де боқ жейді,
Адамы да, шошқа да.
Алдамшыны дос дейді,
Жауша қара досқа да.

Пайда, зиян бәрі бір,
Осы күнде өзіме.
Бас кесіліп, денем тұр,
Не көрінсін көзіме?

Мендей болам десеңіз,
Уайымсыз азат жан.
Жар тап-тағы бас кескіз,
Сүйтіп құтыл азаптан.

Толы рөмке арақ бер,
Тағы айтайын сырымды.
Мас қыл-дағы алдап көр,
Ұрлап айыл-жырымды.

Жырым, шеттік жейсің де,
Соны өнер ғып өтесің.
Мен адаммын дейсің де,
Көт айналып кетесің.

Менше басыңы алғызсаң,
Қиянатты қылмайсың.
Бас құлағын қалдырсаң,
Сөзді анықтап тыңдайсың.

Мына көзді қалдырып,
Көңіл көзін көзің қыл.
Бас көзімен каңғырып,
Ұқпай қойсаң, өзің біл.

Басқа да өлеңдері

Қаншыр мен бөдене

  • 1
  • 0

Бір қаншырға айтыпты бөдене кеп:
Сен үшін қатты уайым қыламын,– деп,–
Солаңдаған байғұсың ұшуға олақ,
Бір күні кетеді ғой тұрымтай жеп?

Толық

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай...

  • 2
  • 0

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.

Толық

Иманым

  • 1
  • 0

Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзiнiң
Ақылға алдым сыйғанын.

Толық


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...