Өлең, жыр, ақындар

Түбір

  • 07.02.2016
  • 0
  • 9
  • 28991
Көрінеді
Орманнан
Түбірлер.
Айрылған
Аяқ-қолдардан
Түбірлер.
Мүгедек солдат секілді
Түбірлер.
Оқ жұлғандай етімді,
Жүрегім тулап дүбірлер,
Кезеріп ерінім күбірлер.
«Соғыс не?!
Менен біліңдер», -
Деп тұрғандай түбірлер.



Пікірлер (9)

Анар

Шоқтығы биік туындылары ғой шіркін!

айнур

анар кешіріңіз неге тақырыбын түбірлер деп атады билмейсіз ба

Бекасыл

Айнур эссеге керек болып жатыр ма?

Мирас

Шыныменде неге олай аталды кім біледі?? Эссеге керек боп жатыр

Айдар

Такырыбы не ушын ТУБЫРЛЕР деп атады?

Жаннур

Неге олен аты тубир ?

Мерей

Кезінде Сырбай Мауленов соғысқа қатысқаннын білетін боларсыздар. Сол соғысқа қатысып жүрген кезде бір орман болатын. Алыстан орманға қараса жайқалған ағаш емес, ағаштын түбірлерін көрген. Бұл дегеніміз соғыстын қиыеншылықтарынан орман қалмай , түбір қалған. Соғыс кезінде солдаттар аяғынан айырылып мүгедек болған Жаңағы түбірлерді ақын солдаттарға теңеп тұр екен.

Мерей

солдаттарга теңеп жазған шыгармасы бул негигзи

Қанзада Алтаева

Сырбай Мәуленов қазақ халқының соғысқа қатысқан майдангер ақын жазушыларының бірегейі. Оның Түбірлер өлеңі 15 жолдан тұрса да , мағынасы терең, соғыс өртінің зардабын суреттеу арқылы, адамзатқа бейбітшіліктің ауадай қажеттілігін нұсқап тұр. Майдандас достарын сағынып, жауынгерлік майдан шебін көріп еске алған тұсындағы ой тоқтам секілді өлең.

Пікір қалдырыңыз

Қиял

  • 0
  • 1

Мың құбылып өзгересің күніне,
Түсінуге қиын сенің тіліңе.
Көкке барып бұлт үстінен секіріп.
Сүңгисің сен тұңғиықтың түбіне.

Толық

Ана махаббаты

  • 0
  • 1

Реңі кіріп даланың
Біткелі соғыс неше жыл.
Жас селі шайып жанарын
Жалғызын күтіп шеше жүр.

Толық

Соғыс — сойқан

  • 0
  • 10

Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де,
Келе жатты ұрланып соғыс түнде.
Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып,
Жолбарыс боп жалаңдап жол үстінде.

Толық

Қарап көріңіз