Өлең, жыр, ақындар

Кетпейді аты көңілімнен

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2286
(Абдолла Жұмағалиев жайлы)
Табиғаттан тәңірідей
Құпия бір күйді ұғатын.
Үлбіреген жаны гүлдей
Енді ол нәзік лирик ақын.
Жүрмеді ол жүлде сұрап,
Киіп-жарып омыраулай.
Жұртқа жүз жылы ұшырап,
Естілді үні қоңыраудай.
Күлімдеді күнмен бірге
Ақ бұлттардан шашқан арай
Дірілдеді гүлмен бірге,
Жаны толқып жас баладай.
Барлық жанның туғаны боп,
Сүйді ол Жайық Ертісін де.
Әппақ ардың құрбаны боп,
Өлді ол жанып өрт ішінде.
Кетпейді аты көңілімнен,
Кей тіріден жақын тіпті.
Кетті ол жалған өлімімен
Нәзіктік пен батырлықты.
* * *
Ромео, Жульетта өлді бүгін,
Жығылды көздерінен жастар шұбап.
Жұлдызы махаббаттың сөнді бүгін
Қабысты қара жерге аспан құлап.
Мың кетіп, сахнаға мыңыншы кеп,
Мың рет айтты әлемге мұңын жүрек.
Мың рет көз жасымен көмсе-дағы
Өлімін көргендей жұрт бірінші рет.
Жиналған халық сонда қыбыр етпей,
Тас болып қалды қатып суреттей.
Сұрады Шекспирді. Ол көрінбеді
Көзге әсте шалынбайтын құдіреттей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еркіндіктің ең соңғы ұлы

  • 0
  • 0

Тебірентіп албырт қиял, жастық сезім,
Болды бір ермек үшін жазған кезім.
Қанымда дауыл ойнап жалынменен,
Махаббат жанды азаптап жәбірлеген,

Толық

Сороть—пушкин өзені

  • 0
  • 0

Өлең-жырдың өзегі —
Міне, бұл Пушкин жері,
Сороть — Пушкин өзені,
Маленец — Пушкин көлі.

Толық

Цыгандар

  • 0
  • 0

Орманды өзен сабатында,
Кешкі тыныштық сағатында.
От алаулап, шатыр жүзген.
Шумен әннің қанатында.

Толық

Қарап көріңіз