Өлең, жыр, ақындар

Батыр мен аты туралы баллада

  • 07.02.2016
  • 0
  • 4
  • 7111
Қас батырға оқ қадалды үш рет:
— Ал, тұлпарым, туған жерге ұшып жет!—
Иесінің үнсіз сөзін ұққандай
Жануары тартты желге кісінеп.
Көздерінде дөңгеленіп от ыршып,
Келе жатыр, келе жатыр ат ұшып.
Зырлайды ол, көз жасы ма батырдың
Жібек жалда жылтылдаған жатыр шық.
Соңғы шабыс... соңғы тыныс сыйындай.
Келеді ағып, келеді ағып құйындай.
Аспан-жердің арасында ағады,
Қарасына көз ілеспес тиындай.
Келеді ол жау оғына ілінбей,
Келеді ол ой-шұқырдан сүрінбей.
Келеді ол аласа боп шөптерден,
Шапқаны да, ұшқаны да білінбей.
Тұяғынан түтін болып шаң ұшып,
Келеді ол қара желмен жарысып.
Батыр қолы қалыпты оның жалына
Мәңгі-бақи айрылмастай жабысып.
Елді айналып жүріп апты екеуі,
Елді айналып тұрып апты екеуі.
Ажыратар қол табылмай екеуін,
Ескерткіш боп тұрып қапты екеуі.



Пікірлер (4)

Акмарал

Жондеп. Олен жазындаршы

мерей

керемет оте жаксы шыккан неге жаман

Аят

Керемет жазган. Оте жаксы олен.

Азат

Мен мектепте оқимын осы мәлімет маған көмектеседі деп ойлаймын

Пікір қалдырыңыз

Балқаш

  • 0
  • 1

Үйір-үйір мың арал
Жағасында көк жартас.
Емес тіпті демалар,
Жарысады көл Балқаш!

Толық

Қарқаралы

  • 0
  • 0

Қарқаралы, сен маған жолықтың,
Өлеңі болып Қасым Аманжоловтың.
Таң жүзі болып,
Ән құзы болып Мәдидің

Толық

Қазақ тілі

  • 0
  • 0

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың,
Қасіретімді —қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер