Өлең, жыр, ақындар

Кешегі Қаражан мен Байғұлағым...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 1
  • 5016
Кешегі Қаражан мен Байғұлағым,
Жобалай, Әділ, Мыңғат, Байұзағым!
Бірадар Рақымберді Ұсабай мен,
Тоғалақ, Тәкей менен болды Ысқағым.
Сәкен, Көжек, Молдабай, Әкежандар –
Қамшы, құрық, жанторсық, саптыаяғым.
Не малыма қызықпай, не асыма,
Қиянатсыз, дос болып жүрген шағым.
Іні-ағалы, туғандар көп болса да,
Жалғанда шын дос еді сүйген бағым.
Қайда жүрсе қараған қабағыма,
Өзгенің берсе да алмай алтын тағын.
Ойымды айтпай біліп, ашпай көріп,
Бір мен үшін дайындап жүрер жағын.
Айрылдым ақ жүректі замандастан
Қайда екен, қайран достар, аруағың?
Бүгін бар есендікпен Кәріқыздар
Солардың көре қалған бір тырнағын.
Үйткенмен кеудесінде құр сүлдері,
Білмейді өзінің де не қылмағын.
Доссыз өмір – шоғы жоқ қара көмір,
Өткен күн – елестеген ол бір сағым.
Жан сүйеніш жақыннан айрылған соң.
Айып па алдымды ойлап жылағаным.
Солардың бәрін Ием жарылқасын,
Тілеймін жақсы орында жолықпағын.
Ойлай берсем, от шалар жүрегімді,
Жана бермей, қылайын сөзді шағын.
 



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Қолшатыр бұйрығы

  • 1
  • 0

Көзге күңгірт, ойда бар өткен заман,
Бізден бұрын өтіпті бірталай жан.
Сол өткен көп заманның бір кезінде
Қытайды билеп тұрған Сан-Хо-Жи хан.

Толық

Тауып айтса мінді деп...

  • 1
  • 1

Тауып айтса мінді деп,
Жоғалтып бақ мініңді.
Өз етіңді жұлып жеп,
Ашпа алашқа сырыңды.

Толық

Өмірдің ұнап ойынын...

  • 2
  • 3


Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер