Өлең, жыр, ақындар

Жеке шумақтар

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2369
* * *
Ақын жасау қолында емес сыншының,
Тілді жасау қолында емес тілшінің,
Халық өзі тіл мұхитын ағызып,
Халық өзі тұрғызады жыр шыңын.
* * *
Сен жылама мен қазаға ұрынсам,
Біздерден де адам өткен бұрын сан.
Жалғыз өзім жарты аспанды құшақтап
Арманым жоқ Алатаудай жығылсам.
* * *
Көз деген бір аспан ғой,
Жаңбыры оның жастар ғой.
Көкті жуып көмкерген
Бұлт секілді бастағы ой.
* * *
Қара тастың жаны бар,
Қара ағаштың қаны бар.
Соларды да соттайтын
Табиғаттың заңы бар.
* * *
Соқыр түндерге көз керек
Жан-жағын көру үшін.
Мылқауларға сөз керек
Арманын айтып беру үшін.
* * *
Жылдан жылдар озса да,
Өмір көші тоқталмас.
Алмас қылыш тозса да
Ақ көңілді тот шалмас.
* * *
Жаралса жүрек толқыннан
Қалайша тұрсын толқымай.
Моторың сенің сол тұрған
Тіршілік атты сол құдай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүзім

  • 0
  • 1

Жұлдыздардай тізілген
Жүзінде таң қызылы.
Сабағынан үзілген,
Оңтүстіктің жүзімі.

Толық

Балқаш

  • 0
  • 1

Үйір-үйір мың арал
Жағасында көк жартас.
Емес тіпті демалар,
Жарысады көл Балқаш!

Толық

Жаманшұбар даласында

  • 0
  • 1

(Оның өзінше)
Ол айтты:
Қара байтақ бұл далаға,
Жүрегің құстай ұшып, қуана ма?

Толық

Қарап көріңіз