Эссе және өлең-жыр байқауы

Ойладым бір сөз жазайын да...

  • admin
  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 3629
Ойладым бір сөз жазайын-да,
Байқошқардағы ағайынға,
Мен өлсем, қойсын деп былай:
Кебінім болсын көйлек, дамбал,
Басыма орап ақ орамал,
Аяққа шұлғау сал орай!

Бұлақтан арман белігір бар.
Ренжімей, сонан көр қазыңдар,
Тереңдеп барып лақаттай,.
Кебісім, мәсім, шапан, шалбар,
Тақия, тымақ, желет, тон бар.
Бөлісіп алсын таласпай!

Қабырды қазған, арулаған,
Соны алып, дұға қылсын маған,
Демесін «бұлар азғантай!»
Бешпетім, етік, сағат қалсын,
Қабыш пен Ахат, Зият алсын,
Атадан мирас алғандай.

Сандықтап әбден жайғап ал да,
Тамымды бекіт, құлып сал да,
Болмасын ашық қалғандай.
Бумажник ашсаң, кілтім бар,
Үстінде пештің құлыбым бар,
Есікке сырттан салғандай!

Ет те бар, май мен бауырсақ бар,
Асықпай ішіп, жеп алыңдар,
Шай да бар, сендер қанғандай.
Апармай елге, көміп мұнда,
Мінерлік атым тұр осында,
Бірің шық елге барғандай!

Сәлемім – елден кешу сұрап,
Жалынып тілеп, кеттім жылап,
Жақын деп, жат деп талғамай.
Артымнан аяп дұға қылсын
Елсізде өттім, ойлай жүрсін
Алғыс айтсын, қарғамай!

Әкемнен өнген бар аулыма,
Көрші, дос, құда, бай ұлына,
Сәлемім қағас қалмағай.
Өмірге жоқ қой құмарым да,
Жетпіс үш жасқа шығарымда.
Айналды-ау өмір арбадай.

Сәлем де барша ауылыма,
Жеңгем мен кәрі, бауырыма,
Балаға шейін қалдырмай.
Келіндер, әйел, еркек бала,
Қалмасын қағас бірі шала,
Тыңдасын жылап, зарламай.

Айтқанмын: «Өлсем, жылама»,– деп,
«Туған жан өлмей тұра ма»,– деп,
Жер қояр кімді жалмамай.
Өкініш емес өлім маған,
Өткізіп қолдан қоштаспаған –
Жалғыз-ақ осы арман-ай.

Ішімді жалын қаптағаны-ай,
Шыбын жан тыным таппағаны-ай.
Қапыда дерттің шалғаны-ай.
Жәрдемші ешкім қасымда жоқ,
Басымды сүйер жарым да жоқ,
Жалғыздықта өткен жалған-ай!

Басқа да өлеңдері

Айна қойдым алдыма...

  • 1
  • 0

Айна қойдым алдыма,
Көрейiн деп өзiмдi.
Екi құлақ тарс бiтiп,
Шел басыпты көзiмдi.

Толық

Әлемді түгел мен көріп...

  • 1
  • 0

Әлемдi түгел мен көрiп,
Ешкiм менi бiлмесе.
Мұқтажым, нәпсiм жоқ болып,
Зияным жанға тимесе.

Толық

Бай мен қонақ

  • 1
  • 3

«Қазақтың көп жұмысы не?» – десеңіз,
Айтайын, жамандайды демесеңіз.
Көргеніңді сөйле деп айтқызып ап,
Қайта айналып етімді жемесеңіз.

Толық


Пікірлер (1)

Еңлік

Шəкəрім Құдайберген ұлының өлеңдері үлкен екен.Мен сайысқа қатысайын деп едім. Кітап та бұдан қысқалау

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...