http://a-brands.kz/

Тарихтың беттерін мен парақтадым

  • admin
  • 16.04.2016
  • 0
  • 2
  • 1768
Ертеде қазақтарды алаш деген
Ұрандап «Алашым» деп ту көтерген.
Жәнібек, Керей хандар көшті бастап,
Белесті асу-асу жиі өткерген.

Сүрінбей өтіп келген қиындықтан
Аштық пен жоқшылықтың дәмін татқан.
Жауына қазақ халқы тізе қосып
Тайсалмай жеңді талай тойтарыстан.

Көптеген хан басқарды қазақ халқын
Әр ханнан өзіндік бір заң хатталды.
Орнатқан ережені бұзбаған соң,
Жағдайы халқымыздың көп жақсарды.

Жоңғардың қалмақтары соғыс ашты,
Халқымның берекесі, құты қашты.
Ғасырдың өте ауыр жұты еді,

Жоқтығы Тәуке ханның қатты батты.
Тарихта болған осы зор қасірет-
«Ақтабан шұбырынды» аталыпты.

Халқымыз аштықтан да қырылыпты,
Табаны жүре-жүре мыжылыпты.
20-шы ғасырда да осындай бір,
Халқымның берекесі бұзылыпты.

Тарихтың бетін тағы парақтасам,
Еске алып, ауыр жылды сараптасам.
Ұлы Отан соғысының нәубеті де,
Қазақтың әр шаңырағын азаптаған.

Арпалыс әр ғасырда тынбапты ғой
Жоқшылық әр жүректі сыздатты ғой.
Желтоқсан оқиғасы тағы да бір,
Жастардың көңілдерін сыздатты ғой.

Осындай алаптар талай өтті.
Желтоқсан адастырды қалың көпті.
Шырылдап шындықты айтқан Қайрат ерім,
Өмірден ерте үзіліп, қыршын кетті.

Жеңіс бұл арпалыспен келді алыстан
Ел үшін батырларым көп алысқан.
Желтоқсан оқиғасы жауды жеңіп,
Тәуелсіз ел атанды-Қазақстан.

Атамыз-Назарбаев ел биледі,
Еліме содан бері жау тимеді.
Жарасып ел бірлігі, ынтымағы
Төгілсін домбырадан шат күйлері.

Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектебі КММ-сінің
8"а" сынып оқушысы: Хисамиева Махаббат
Жетекшісі Каберова Акмарал Игпаровна

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

Анар

Жаксы шыгарыпты

Nuraina

Алғысым шексіз! Рахмет біздің ашық сабаққа керек өлең.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)