Өлең, жыр, ақындар

Арудың солдатқа хаты

  • 17.04.2016
  • 0
  • 0
  • 11804
Әскердесің,
Сенсіз жалғыз жүргенім
Болмаса тек -
Сеніменен біргемін.
Сүйген жүрек күн санайды осында,
Келді ме ант қабылдайтын күндерің?!

Күндер, күндер -
Күтер әлі алда мың,
Сеніменен ортақ, бірге арманым.
Отаныңа әскерде ант бергенің -
Сенің енді нағыз солдат болғаның!

Жарасады формасы әсем солдатқа,
Елеңдеме, алаңдама ел жаққа.
Сені адал күтемін деп әскерден,
Мен де ант бергем іштей бұл жақта.

Мейлі, айналып кетсе-дағы ғалам мың,
Саған деген сезіміме адалмын.
Күтіп жүрмін, жүректе бар сағыныш,
Орны бөлек болғандай-ақ бағаңның.

Маған жақсы үміт артып сенгенің,
Елесіңмен сағынышымды емдедің.
Сені күткен бұл жүректің тілегі -
Сенің маған аман-есен келгенің.

Хат жазамын сағынышпен жырақтан,
Жүрек бірге, тек өзіңді ұнатқам.
Жаттығуда болса ауыр, сол сәтте
Сөздерімді есіңе ал да, қуаттан.

Отанымыз - бізге бүгін іргелі ел,
Үміт күтер Отан үшін бізден ел.
Қызметіңді абыроймен аяқтап,
Бізге де әлі табысатын күн келер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жас ұстазға тілек

  • 0
  • 0

Талабыңмен танып білген ілімді
Қолдандың да ұстаз болдың бүгінгі.
Жүрегіңді білім нұрға билетіп,
Жүрсің дағы шәкіртке сыр үйретіп.

Толық

Ару-сезім

  • 0
  • 0

Сезім жолы ұғынғанға сыналу,
Сыңарының сырын іштей ұға алу.
Махаббатты жалған деді біреуі,
Сол жайлы жыр жазшы деді бір ару.

Толық

Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі

  • 0
  • 1

Саған сенім артады Әкең де, Анаң,
Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң»,
Сондықтан күні ертеңгі мерекемен,
Сені де құттықтайды ертең Анаң.

Толық

Қарап көріңіз