Өлең, жыр, ақындар

Ұлы Отан

  • 02.05.2016
  • 0
  • 3
  • 14262
Қазақстан құт мекен - Отаным бар,
Отанымнан кел-дағы от алыңдар.
Отанның шуағына шомылып бір,
Сендер-дағы ұлы адам атаныңдар.

Оттан ыстық деп білем Отанымды,
Көрсетпестен өзгеге қасаң үлгі.
Сарыарқада Астана бой көтеріп,
Тәуелсіз ел түрленіп жасарұлы.

Отаным, құт-мекенім алтын ұям,
Өзіңсіз жер бетіне қалай сыям.
Өзіңсің жылу берер жүрегіме,
Сен үшін өз жанымды отқа қиям.

Тең келмес өзге елдер отаныма,
Отанымнан кел-дағы от алыңдар.
Отаным асқақ әнім, арай бағым,
Өзіңде орындалар сан арманым.

Отаным жүрегіме жалын сыйлар,
Отаным жігер берер,сан ғасырлар.
Отанға өзге елдер тең келген бе?!
Мойындаймыз отанды сен де, мен де.



Пікірлер (3)

Алла өлең

Алла.........
Сен менің бар үмітім
Періштемсің, сенен басқа кім бар
Менің ,менің жанымда ,
Аллам менің ,
Алтынымсың , Күмісім ,
Сен алтынсың , сенен басқа кім ,
Кім Алтын.
"6" а. сынып. оқушысы

А

Осы өлеңнің авторы кім .
Мысалы , Мукагали Макатаев деген сияқты

Кымбат

Авторы Гүлсана Тілеубекова деп тұр ғой

Пікір қалдырыңыз

Жолдас ағайға

  • 0
  • 0

Қалса да біраз жас барып,
Ауылды жүрсіз басқарып.
Қиындық көрсе қымсынып,
Көрмеген ешбір жасқанып.

Толық

Астанам - бас қалам

  • 0
  • 7

Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.

Толық

Жаушықұм

  • 0
  • 0

Мұра боп жеткен қамалдан,
Жаушықұм қазір жаңарған.
Теңеуді таппай отырмын,
Теңесе алар соған дәл.

Толық

Қарап көріңіз