Өлең, жыр, ақындар

Тасқындасын туған елдің табысы

  • 02.05.2016
  • 0
  • 1
  • 7794
Кел, кел, төрлет, тау тағысы - Барысым,
Қазағымның бақыты мен бағы үшін.
Желтоқсанда жастарымыз бермеді,
Мұз жастанып елдің ерлік, намысын.

Кел,кел,Барыс,табалдырық аттаған,
Тәуелсіздік туын тіккен шақта бұл.
Біз білеміз қайратыңды қарымды,
Елемейтін таудың сілем ақ қарын.

Қазақ елі - ғажап елі атансын,
Болғаннан соң бәрімізге Отан шын.
Жастарымыз жат әдеттен арылып,
Ақ сақалды аталардан бата алсын.

Көңіл де кең,жеріміз де білгенге,
Дастарханын жайып тастар бір демде.
Қазақтарға шын қарыздар деп білем,
Жерімізді жұмақ тұтып жүргендер.

Кел,Барысым, құшақ жайып келе бер,
Табысыңды тасқындатып бере бер.
Барыс жылы табыс жылы болсын деп,
Тек жақсылық күтсін дәйім сенен.

Келші,әйтеуір, табысыңмен,Барысым,
Тасқындатып туған елдің табысын.
Барысымды арысым ғой деп білем,
Туған елдің жықпай тұғын намысын.



Пікірлер (1)

Əскмай

Маған бұл өлеңдер қатты ұнады.Себебі:бұл өлеңдер мағынасы.

Пікір қалдырыңыз

Рәміздер

  • 0
  • 0

Елтаңба,Ту және Әнұраным,
Өздеріңмен қашанда бағым, арым.
Астанада Саммитті өткізген соң,
Қазақстан өзіңе табынамын.

Толық

Жан әкем

  • 0
  • 1

Әкешім, жүзі жарқын, ашық күлген,
Пернесін кім жүректің басып білген.
Содан бері сізді ойлап мазасызбын,
Содан бері өзіңді, іздеймін мен.

Толық

Жан інім

  • 0
  • 2

Жаныма жалау жан інім,
Қыран боп көкте самғайсың.
Атадан қалған салтыңды,
Азамат болып сақтайсың.

Толық

Қарап көріңіз